spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Сахнадағы сырлы әлем» көрме апталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXVII театр маусымының ашылуы аясында ұйымдастырылған «Сахнадағы сырлы әлем» атты көрмесі ашылды.

Әдебиет және өнер музейінде Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXVII театр маусымының ашылуына орай «Қойылымдарды безендіру бөлімі» цехтарының еңбегін насихаттау мақсатында «Сахнадағы сырлы әлем» атты көрме апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Кеше ғана өзінің 25 жылдығын атап өткен Шахмет Құсайынов театры – ширек ғасыр ішінде түрлі белестерді бағындырып еліміздің мәдениетінің дамуы жолында аянбай тер төгіп келе жатқан бірегей өнер ордаларының бірі.

Ең алғаш 1996 жылы жазушы-драматург Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоқты» драмасымен шымылдығын ашқан Шахаң театры жыл санап қанатын кеңге жайып дамып келеді.

Театр – бүгінге дейін әлем және қазақ классиктерінің 200-ге жуық қойылымын көрермен назарына ұсынып үлгерді. Театр ұжымы жыл сайын өнерлі жастармен толысып кемелденуде, түрлі дәрежедегі өнер бәйгелеріне қатысып үлкен жетістіктерге жетіп өлкеміздің мерейін өсіріп жүр!

Жыл сайын облыс әкімшілігі тарапынан мәдениет саласына көңіл бөлініп, өнер иелерінің бастамалары қолдау тауып келеді.

Іс-шара барысында Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысова сүйікті өнер ұжымына жылы лебізді тілектерін арнап, шығармашылық табыс тіледі.

-Мен театрдың әрі актерлік, әрі режиссерлік құрамды өз ісінің нағыз майталмандары екендігін атап өткім келеді. Әсіресе, цех қызметкерлеріне алғысым шексіз. Өйткені, олар көп ретте есімдері айтыла бермейтін сахна сыртындағы мамандар. Көрермен олардың тек жұмыс нәтижесін ғана көреді, – деді ол.

– Бүгінгі XXVII театр маусымының ашылуына орай ұйымдастырылған «Сахнадағы сырлы әлем» атты жаңа жобаның салтанатты ашылуы – осынау керемет шығармашылық саласы қызметкерлеріне деген үлкен құрмет деп білемін», – деп атап өтті Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.

Атап өтсек, ағымдағы жылы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында тұңғыш рет Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикалары театрларының қатысуымен «СӘЛЕМ» халықаралық комедиялық театр фестивалі өтті.

Балалар жылы аясында есігін ашқан Қуыршақ театры жаңа шығармашылық маусымында өз көрерменімен қауышып, кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қойылымдарымен қуантады деген үміттеміз. Көрме қыркүйек айының 13-25 күндері аралығында өтеді. Кіру тегін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img