Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 28 жыл толып отыр.
Осынау айтулы мерекелік күн қарсаңында барша қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршамызға белгілі – халқымыздың басты құндылығы – ол тәуелсіздігіміз! Ал тәуелсіздігіміздің нышаны – оның Конституциясы.
Конституциямыздың 1-ші бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Еліміздің тәуелсіздігінің тірегі – Ата заңымыздың бұлжытпай орындалуында прокуратура органдарының рөлі ерекше екені баршаға мәлім.
Оған дәлел ретінде халықтың және мемлекет басшысының жоғарғы сенімін айтуға болады.
Осы жылдың басынан бері қылмыстық процесте азаматтарды азаптау фактілерін тергеп-тексеру прокуратура органдарына жүктелді.
Бұл әрине үлкен сеніммен қоса, едәуір жауапкершілік екенін әрбір прокурор түсінеді.
Ақмола облысының прокуратурасы қызметінің басты бағыттарының бірі – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау.
Тек осы жылдың өзінде Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері 143 мыңнан астам азаматтардың құқықтарын, оның ішінде 5 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғады.
Бұл, ең алдымен, азаматтардың тиісті, уақтылы және толық көлемде еңбек жалақыларын, медициналық көмек алумен байланысты құқықтарын қалпына келтіре отырып, қорғадық.
Сонымен қатар, прокурорлар тергеу органдарымен азаматтарды негізсіз қылмыстық қудалау орбитасына тартудың жолын кесті.
Осы және өткен жылы прокурорлар 10 азаматқа қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық істерді қысқартып, полиция бөлімдеріне заңсыз жеткізілген 21 тұлғаны босатты, сондай-ақ, 40 тұлғаны күдікті деп тану және 53 тұлғаның іс-әрекеттерін саралау туралы қаулылардың күшін жойды.
Жалпы, біздің Ақмола өңірі ауылшаруашылық бағытта болғандықтан, тұрғындарымыздың басым көпшілігін мазалайтын жерге қатысты мәселелерді де тыс қалдырмадық.
Осы жылы облыс прокуратурасы «Жер Заң аясында» жобасын іске асырып, заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан 244 мың гектардан астам жерді мемлекетке қайтарды.
Сонымен қатар, өңір тұрғындарын мазалаудағы жайылым тапшылығы прокурорлардың араласуымен 132 мың гектарға азайды.
Қайтарылған жерлер жергілікті атқарушы органдармен шаруаларға беріледі, оларды қайта беру заңдылығын прокурорлар қарайтын болады.
Тағы бір өзекті мәселе – ол мыңдаған шаруалардың жерге үлескерлік құқықтарының сақталуы.
Бұл бағытта да прокурорлар айтарлықтай жұмыстар атқарды.
Соңғы бір жарым жылда 3 мыңға жуық пайшылардың құқықтары қорғалды: оларға алып жүрген дивидендтерінің көлемі бірнеше есе арттырылды, заңсыз кепілдікке салынған 40 мыңнан астам гектар жерлері қайтарылып берілді.
400 үлескерлердің жер учаскелерін банкке сала отырып, бюджеттен алаяқтық жолмен 1,8 млрд теңге қаражат ұрлаған тұлғаларға қатысты тергеу амалдары прокуратураның жетекшілігімен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жүргізілуде.
Еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі болып келеді.
Мемлекеттің экономкалық мүдделерін қорғау бойынша да айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.
Осы жылдың өзінде прокурорлардың араласуымен 3,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылықтар, оның ішінде бір көзден жасалған шарттар анықталды.
Прокуратурамен Целиноград ауданындағы Қоянды елді мекенінде жол жөндеуге бөлінген 1 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу жүргізуде.
Сол сияқты, ескірген және жарамсыз медициналық жабдықтар қойып, мемлекетке 1,4 млрд теңге шығын келтірген тұлғаларға қатысты бізбен тергеу жүргізіліп, қылмыскерлер әр түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айрылды.
Осы іс барысында құны 4 млрд теңгенің заңсыз алынған мүліктері тәркіленіп, мемлекет пайдасына берілді.
Бұдан басқа, прокурорлық акті негізінде қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзғаны үшін мемлекетке 6,7 млрд теңгеге айыппұл өндірілді.
Бюджетке уақтылы салық төлеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық салаларына үлес қосып жүрген адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура жұмысының басым бағыты болып табылады.
Осы және өткен жылы бізбен 13 мыңға жуық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлерге қарсы негізсіз қозғалған 7 қылмыстық істер прокурорлармен тоқтатылды.
Осы саладағы заң бұзушылықтарды жою үшін 200 астам қадағалау актілері енгізілді, 65 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қорыта келе, еліміздің прокуратура органдары, соның ішінде Ақмола облсының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға күш-жігер аямай қызмет ететінін айтқым келеді.
Ол үшін әрине өңіріміздің басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен бірлесіп, өзара іс-қимылда жұмыс атқаратын боламыз.
Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, елімізге тыныштық, халқымызға бірлік пен береке тілегім келеді.