spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
-2.5 C
Kokshetau

Целиноград ауданында жаңа мектеп ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT»-тың Целиноград аудандық филиалына қарасты партиялық бақылау комиссиясының бірқатар мүшесі Өтеміс ауылында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты.

120 орындық мектеп жаңа оқу жылына дайын. Дәл қазіргі уақытта соңғы әрлеу, әктеу жұмыстары аяқталып жатыр. Мердігер компания алдағы он күн ішінде мектепті Білім күні қарсаңында ауыл тұрғындарына  толығымен тапсырмақшы. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Азамат Канапиянов пен Қуат Дүйсекеев аталған құрылыс нысанына ай сайын келіп, партиялық мониторинг жүргізілгенін айтуда.

 –Партияның сайлауалды бағдарламасында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге  баса мән берілген. Осы мақсатта Өтеміс ауылында құрылысы басталған мектеп аяқталуға жақын. Бұл ауыл тұрғындары үшін керемет жаңалық болмақ. Бөлінген қаражат толығымен игерілді, – дейді аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі  Қуат Дүйсекеев.

Айта кетейік, жалпы, «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы бес жылда 39 мектеп пен қосымша құрылыс салу, 82 мектепте күрделі жөндеу жүргізу, барлық орта білім беру мекемелерін сапалы интернет байланысымен қамтамасыз ету, балаларды оқу жылына дайындау кезінде жыл сайын 1,5 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасыны қолдау жоспарланып отыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика