spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 4,5 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі Жазира Сейтмағанбетова.

2023 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен 4 581 901 мемлекеттік қызмет көрсетілді (олардың 3 805 692 немесе 80% жергілікті атқарушы органдар, ал 776 209 немесе 20% орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері көрсеткен).

Электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 4 341 162 немесе 94,7%.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 116 өтініш келіп түсті, 4 жолданым бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді, негізді жүгінгендердің ішінен 100 % (24 қызмет алушының) құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды.

Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша 9  әкімшілік хаттама толтырылды (оның ішінде: қысқартылған тәртіпте- 9), 327 500 теңге көлемінде айыппұл төленді.

Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 9 қызметкері тартылды.

Қоғамдық бақылау аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бару арқылы 49 аралау жүргізіліп, нәтижесінде 36 бұзушылық анықталды, оларды жою бойынша 36 ұсыным енгізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img