spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Болашағын ойлаған ел озады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі күні ел игілігі үшін атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен қазіргі жаһандық даму үдерісінде кез келген жүйеге өзгерістер қажет. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке нақты тапсырмалар жүктеп, бірнеше реформаларды қабылдады.

Сол реформалардың ішіндегі тың бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасын ерекше атауға болады.

Еліміздің болашағы – жастар. Демек, сол жастардың келешегі де, болашағы да үкімет тарапынан назардан тыс қалмауы керек.

Осыны ескерген ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауында «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аудары­лып тұрады, оны мерзімінен бұрын есеп­шоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын»,  – деген болатын.

Бұл өз кезегінде балалардың кәмелет жасына толғаннан кейін жауапкершілікті сезініп,  болашаққа деген жоспарын құрып, өз бетінше шешім қабылдап, арман-мақсаттарын жүзеге асыруға бастапқы көмек әрі зор мүмкіндік болары сөзсіз.

Сонымен қатар, Президент үкіметке арнайы тапсырма бергенде бюджет саясатына ерекше тоқталып өтті.

Атап айтсақ, –      «Үкімет бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек. Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет. Бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвистициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудара бастаймыз. Сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалап отыратын болады. «Әрбір азамат – ұлттық байлықтың иесі» деген сөз жай ұран емес. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке алдағы жеті жылда Ұлттық қордың активтерін 100 млрд доллорға жеткізу міндетін жүктегенін еске салды.

2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, 17 жасқа дейінгі балалар саны 6 325 950.

Ұлттық Банк пен Үкіметтің есептеулері бойынша, балалар 18 жасқа толғанда жеке шотына шамамен 3 мың доллар жинақталатын болады.

Сол себептен, Ұлттық қордың меншігіндегі қаражаттың  адам капиталына қызмет ету керек екенін халық талай мәрте көтерген еді. Президент бастамасы соның нақты қадамы екенін атап өтуіміз керек.

Енді алдағы кезеңдегі маңызды міндет – стратегиялық инфрақұрылымдық Жобаларды, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, Ұлттық қор қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану.

Осынау елдің еңсесін бір көтеріп тастаған Президент бастамасы, халық көңіліне болашаққа деген зор сенім ұялатып қана қоймай, бүгінгі жастардың білім-ғылымға, оқуға, өнерге деген талпыныстарына тың серпін берері анық.

Ал, білімді, ғылымға құштар, жаңа технологиялық ілімді меңгерген, дарынды да белсенді жас азаматтар егемен еліміздің қарқынды дамуына қашан да өз үлестерін қосып, өнертабыс пен өндіріс саласын өрге сүйреп, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақталуына ықпал етеді.

Сөзіміздің соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Елімізді өркендетеміз десек, бәріміз бір ел болып күш жұмылдыруымыз керек».

 

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық даму орталығы» КММ

 басшысының м.а.  Айдар Қожабаев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img