8 маусым 2023 Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВ өңірдің әлеуметтік-зкономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізді.
Ежелгі Қаратөкел мен Көкшетау өңірінің дамуының қилы-қилы кезеңі болғаны анық.
Кешегі кеңестік жүйе кезінде Тың өлкесінің орталығы болған сол кездегі Целиноградтың тарихынан бері тартсақ та, бұл өлкенің өсуі мен өркендеуінің әр жылын тарих деуге болар.
Алайда бүгінгі тарих мүлдем бөлек тарих!
Дәл қазіргі кезең Әділ де Жаңа Қазақстан құрып жатқан жауапты кезеңнің тарихына ат басын тіреп тұрған Тәуелсіздік атты тағдырлы кезеңнің тұғырлы тарихы.
Сол тұғырлы тарихтың қазақ елі үшін тағдыршешті кезеңінің жүгін арқалаған Қазақстан Республикасының Президенті ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ел алдына стратегиялық аса маңызды міндеттер қойды, саяси-әлеуметтік реформаларды батыл жүзеге асыра бастады.
Қазіргі әлемнің дамуы мен дүниенің қазіргідей аласапыран кезінде «түн ұйқы көрмей, күндіз күлкі көрмей» еңбек етер шақта тұрмыз.
Мұндай тұжырымға бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВТЫҢ Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткізген баспасөз конференция барысында берген есебі мен қашан болсын «қиыннан қиыстырып» сұрақ қоя білер журналистердің сауалдарына берген жауаптарынан кейін келіп отырмын.
Әкім өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған стратегиялық міндеттері мен бағыттарын іске асыруда өңір дамуының оң серпінін сақтап келе жатқандығын айтты.
Бұл ең әуелі «түн ұйқы көрмей, күндіз күлкі көрмей» еңбек етіп жатқан барша ақмолалықтардың және сол қалың елді міндетті ортақ іске білімділігімен, іскерлігімен, алдын күні бұрын болжай білер алғырлығымен және де кез-келген адамның көкейіндегісін айтқызбай-ақ сезіп тұрар сезімталдылығымен, ең бастысы мемлекеттің мүддесін қашан болсын бәрінен де биік қоя білер Ермек БОРАНБАЙҰЛЫ сынды көшбастаушы тұлғаның табысы мен жетістіктері!
Деректі дәйек ете сөйлер болсақ, 2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіпте өсім 115,1 пайызды құрады, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде– 115,3 пайызға жетті.
Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі 5,4 пайызға, негізгі капиталға инвестициялар тарту 19 пайызға өсті.
Бүгінгі әлемді дендеп бара жатқан күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан Ақмола облысының экономикасы әлі де тұрақты дамып, өсу үстінде.
Тағы да дерекке сүйенсек, осы соңғы 3 жыл бойы Ақмола облысы Қазақстандағы өзге өңірлермен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша Ақмола алдыңғы қатарда келеді.
Ел астанасы АСТАНА қаласын айнала алып жатқан Ақмола облысының алда келе жатқандығын айғақтайтын істер де, еңбек те жоғарыдағы биліктегілердің де, барша қазақстандықтардың көз алдында деуге әбден болады.
Сол Астананың тап іргесіндегі ауылдар… жаңа қала ҚОСШЫ… бүкіл қазақ еліне мақтаныш «РОДИНА» шаруашылығы…
Және де жалғы бұл емес… БУРАБАЙ… ЗЕРЕНДІ… ҚОРҒАЛЖЫН… ЕРЕЙМЕНТАУ… ЖАРҚАЙЫҢ…АТБАСАР…АҚКӨЛ… САНДЫҚТАУ…
Шалқыған щалқар даланың Есіл мен Нұра, Көкшенің сексенкөлдері аралығында жатқан осы бір және де өзге өңірлердің ауылдары да жыл сайын келбеттеніп келе жатқандығының куәсіміз!
Ауылға керегі -Жол! Жергілікті маңыздағы жол салуға биыл 73,6 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр.
Биыл кем дегенде 1 мың (бір мың ) километр жол жөнделмекші.
Ауылға керегі – Су! Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі жоспарлы түрде шешіліп жатыр. Қазіргі уақытта 589 ауыл өз жерінен шығатын сумен, 381 ауыл бір орталықтан сумен жабдықтау жүйесі арқылы су ішіп отыр.
Жылдың соңына дейін 31 ауылдық елді мекенде су жүйелері тартылады.
Ақмола облысы қазіргі уақытта Қазақстандағы ең іргелі астықты өңір болып саналады. Жыл сайын 5-5,5 миллион тонна астық өндіріледі. Биыл да ақмолалық диқандар 5,2 миллион гетар алқапқа тұқым септі.
Халықтың несібесі мол болсын деңіз!
«Көктен иіп, жерден берсін» деп тілейік!
Тілегі де, ниеті де, көңілі де өз елімен, өз халқымен дәйім бірге болып келе жатқан Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВТЫҢ қашан болсын айтары: «ТОҚАЕВҚА көмектесейік!» мемлекетімізді нығайтайық, елімізді көркейтейік, елдің бірлігі мен татулығын, ынтымағын сақтайық, сыйластық болсын, қарттарға қамқорлық жасап, құрметтейік, жастарды қолдайық, жастарды тәрбиелейік!
Міне, өз елін өркендетіп келе жатқан және де қашан болсын жоғары адами қасиетімен, жайсаң мінезімен өз елін ізгілікке және игі істерге бастап келе жатқан әкім Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВ сынды тұлғаның тілеуін шынайы адал көңілімізбен тілейміз!
Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.