spot_img
Сенбі, Қазан 11, 2025
0.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында туризм қалай дамуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында туризм дамуының оң үрдісі байқалады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өңірдің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифинг барысында айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Қазақстанда туризмді дамытудың бес драйверіне кірді.

Өңірге келудің жалпы құрылымындағы көшбасшы Щучинск-Бурабай курорттық аймағы болып табылады. Курорттық аймақта біржолғы сыйымдылығы 9 мыңнан астам төсек-орын 183 орналастыру объектісі жұмыс істейді.

Биыл Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 4,6 млрд. теңге бөлінді. Курорттық аймақтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымының 5 жобасы іске асырылуда, 100 км жол төсемі салынып, жөнделеді.

Спикер қазақстандықтар облыстың туробъектілеріне көбірек қызығушылық таныта бастағанын атап өтті. Мысалы, 2022 жылы курорттық аймаққа жалпы туристік ағын 1 млн. астам адамды құрады. Ағымдағы жылы 23 млрд.теңгеге 200-ге жуық жұмыс орны ашылатын 65 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен туристердің бір миллион екі жүз мың адамға дейін ұлғаюы болжануда.

Сондай-ақ, маңызды нысан – «Aqbura Resort» қонақ үйі бар қалалық орталықты ашу жоспарлануда.

         «Бүгінгі таңда Бурабайда жаңа демалыс маусымы ашылды. Абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша дайындық іс-шаралары кешенін ұйымдастырудың арқасында курорттық аймақ келушілерді қабылдауға толық дайын», – деп қорытындылады өңір басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ЖИ технологиялары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмысына енгізілуде

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Қор жұмысында жасанды интеллект технологияларын қолдану туралы баяндады. Ол...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика