spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту форумы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында өңірлік квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту және ілгерілету форумы өтті.

Форум алаңы квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 90-ға жуық комплаенс-офицерлерін, мемлекеттік органдар басшыларын және жұртшылық өкілдерін жинады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов құттықтау сөзін сөйлеп, квазимемлекеттік сектор елдің негізгі тірегі болып табылатынын және мемлекеттік активтерді басқарудың маңызды саласын құрайтынын атап өтті. Компанияларды қолдау үшін мемлекет айтарлықтай бюджет қаражатын бөледі, алайда бұл сектордың дамуын тежеу себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту және қолдау өте маңызды, мұнда, ең алдымен, ұйым басшыларының өздері, былайша айтқанда, «тон сверху» деген қызығушылық қажет.

Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру ортақ міндет екенін атап өтті. Бұл форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі мақсатында барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

Ш.Уәлиханов атындағы университет ректоры Марат Сырлыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ілгерілету шеңберінде ЖОО мен Департаменттің өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, оқу орнында комплаенс-офицер штаттық лауазымы енгізілген және де өткен жылы Университет өңірдің Антикорымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс»магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеп, енгізді.

«Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің рөлі туралы айтып берді.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Белла Газдиева парақорлықтың алдын алуға және компанияның корпоративтік мәдениетін арттыруға бағытталған ISO 37001 халықаралық стандартын енгізудің теориялық және практикалық аспектілерін түсіндірді.

Форум барысында қатысушылар комплаенс институтын дамытудың заңнамалық негіздерін талқылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 31 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекітті. Ереже комплаенс мамандары үшін «үстел кітабы» ретінде қолданылады.

Комплаенс-мамандардың біліктілігін арттыру және комплаенс-офицерлердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Соңында қатысушылар «ашық микрофон» форматында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, спикерлерге қызықтырған сұрақтарын қойды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектордың 300 ұйымында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды, олардың міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img