Бұл туралы толығырақ Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы Әсемгүл Ысқақова баяндады.
Қазақстанды дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал, тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүниежүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында түр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін білуге міндетті.
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән- мағынасы болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуі қажет.
Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды.
Мемілекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында сот жүйесінде үлкен шаралар өткізілуде. Іс-қағаздарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта дәрежелі оқу орындарында оқытыла бастады. Мемілекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс-қағаздарын толтырудың мемілекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздермен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету қазір тасада қалмауы керек. Қазақстанды – Отаным, байтақ жұртты – елім дейтін әрбір адам үшін бұл керек іс.