spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Көкшетауда жәрмеңке өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін таңғы 8.00-де Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды.

Жәрмеңкеде Аршалы, Астрахан, Бұланды, Жарқайың, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласының шаруалары, сондай-ақ “Kokshe” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өз өнімдерін ұсынды.

Шараға 80-нен астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысып, жалпы құны 74 миллион теңгені құрайтын 71 тонна өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеде 40-тан астам тауар түрін сатып ала алу мүмкіндігіне ие болды.

Ұсынылған тауардың бағасы да нарықтағы бағадан 10-15% төмен болды.

Өңір аграрийлері жәрмеңкеде 18,5 тонна ет пен шұжық, 2 тонна балық, 140 мың дана жұмыртқа, 3,7 тонна сүт өнімін, 2,9 тонна ұн, 16 тонна картоп және басқа да тауар түрлерін саудалады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика