spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

«Ұстаздық ету бала күнгі арманым»,- Эльмира Халелова

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді  ауылының М. Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халелова Эльмира Майданқызы бүгінде өнегелі шәкір тәрбиелеп отырған үлгілі ұстаздардың бірі. Білем беру жүйесіне де қосып жатқан үлесі аз емес. Ұстаздық қызметтің қызығы мен шыжығы, жалпы өмір жолы жайлы Эльмира Халелова Aqmola News ақпарат агенттігінің журналистіне берген сұхбатында айтып берді.

Халелова Эльмира Майдановна Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай деген ауылында 1970 жылы 8 қазанда дүниеге келген. 1988-1993 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы педагогикалық   институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Отбасылық жағдайға байланысты 1994 жылы Зеренді ауданына қоныс аударған. Сол кезден бастап, күні бүгінге дейін «М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында» мұғалім болып жұмыс істейді.

 

Мұғалім болу бала күнгі арманыңыз болды ма? Ұстаздық жолына қалай келдіңіз?

  • Ұстаз болуым- бұл менің бір кездердегі бала қиялымның, арманымның орындалғаны. Өзімнен кейінгі іні-сіңлілерімді оқушы қылып, өзім ұстаз рөлін ойнаушы едім. Енді ойласам, сол кездегі әрекеттерімнің барлығын алғашқы ұстазым-Жамалқан апайға ұқсатуға тырысыппын.Өскенде мұғалім болатынымды білсем де, бірақ қай пән мұғалімі болатынымды білмедім. Мектеп бітірерде анашым «Сен кітап оқығанды ұнатасың ғой, сол себепті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бол немесе кітапханашы бол»-деп кеңес берді. Мен ойлана келе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды шештім.

 

Осы күнге дейін өзіңіздің және шәкіттеріңіздің жетістіктері туралы айтып өтсеңіз..

  • Шәкірттерімнің ішінде менің жолымды таңдап, бүгінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын таңдағандар да бар: Мұғжанова Мансия, Калибаева Фариза, Бекенова Анар, Баймағамбет Римма, Мұқтарқан Қайша. Бүгінде бұл шәкірттерім түрлі білім ұйымдарында абыроймен еңбек етіп жүр.

 Оқушыларымның соңғы жылдардағы жетістіктері: 2021 жылы VІІ республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде «Ақындар айтысы» номинациясының 1 дәрежелі жүлдегері 9-сынып оқушысы Нұрбек Серік, республикада 3 дәрежелі диплом иеленді, 2022 жылы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 3 дәрежелі жүлдегері Ерғожа Айзере. Сонымен қатар, мен 2004 жылдан бері мектеп басшысымын. 2021 жылы мектебіміз облыс көлемінде «Үздік білім ұйымы» номинациясын жеңіп алып, 20 млн. Сертификат иегері атандық. 2022 жылы республикалық «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауында 1-орын иелендік. Мектеп оқушыларымыздың пәндік, спорттық жетістіктері де өте көп.

Ұстаздық қызметтен бас тартқыңыз келген кез болды ма?

  • Әрине кез-келген саланың өзіне тән қиындығы болады. Десе де заман ағымына ілесе отырып, жаңашыл өзгерістерге үнемі бейімделіп, білімімді жетілдіріп отыруға тырысамын. Мамандығымды жақсы көремін. Ешқашан да бас тарту ойыма келмеген екен.

 

Жас мамандарға, ұстаздық қызметке жаңадан келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?

 – Жоғары оқу орнында оқып жүргенде ұстазымыз Қуандық Пазылұлы-МәшҺүр Жүсіпов  «Баланың жүз пайыз дарынын дамытатын да, жүз пайыз құртып жіберетін де – ұстаз» дегенді жиі айтушы еді. Сол сөз мәңгілікке жадымда жатталып қалыпты. Жас мамандарға ұстаз еңбегі оның қанша жыл өмір сүріп, алдынан қанша шәкірт шығарғанымен ғана бағаланбайды, сол алдымыздағы шәкірттердің дарынын дамытуға, үнемі ізденіп, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыруы керек. Өзінің бар болмысымен шәкіртеріне үлгі болуы шарт,өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкірттерін  сүйе білуі  керек дер едім.

 

Қазіргі қоғамдағы ұстаздың рөлі қаншалықты маңызды? Және ұстаз мәртебесін қалай арттыруға болады?

 – Қай қоғам болса да ұстаз рөлі әрқашан да маңызды болып қалады деп санаймын. Әр ұстаз әрқашан өз мәртебесін арттыруға көңіл бөлуі керек деп есептеймін. Егер ұстаз оқушыларын өз пәніне қызықтыра алса, тақырыпты түсіндірудің оңай жолдарын таба алуы тиіс және оқушылармен бір толқында болуы маңызды. «Тәртіп» пен «достық» ұғымдары арасында үйлесімділік тауып, бұл екі ұғым арасындағы шекараны ажырата алу керек. Ондай мұғалімдерді оқушылар да, ата-аналар да жақсы көріп, құрметтейді. Ең бастысы, мұғалімдер өз мінез-құлқы, білімі-барлық болмысымен өз беделдерін жоғалтып алмауға тырысса, әрқашан құрметке лайық болады деп санаймын.

Керемет сұхбат үшін алғысымызды білдіреміз! 

Эльмира ханым сынды өз ісіне адал, еңбекқор ұстаздар көбейсе, саналы қоғамның да қалыптасары хақ. Ұстаздық ету жауапкершілігі мол қызмет. Себебі, ел болашағы мен ертеңі жас ұрпақтың қолында деп жатамыз. Ал, осы өскелең ұрпақтың саналы, салиқалы болып қалыптасуына мұғалімдердің тигізер әсері оразан зор. Әр ұстазға қажырлы қайрат пен сары алтындай сабыр тілегіміз келеді!

 

 

 

Сұхбат берген: Халелова Эльмира Майдановна

Фотолар кейіпкердің жеке мұрағатынан 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img