spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында суға батқан балықшының денесі табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында суға батқан балықшының денесі бір күннен кейін су қоймасынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Целиноград аудандық полиция бөліміне кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1960 жылғы әкесінің жоғалғанын айтқан.

Әйелдің сөзінше, әкесі 14 сәуір күні сағат 06:00-де балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған.

«Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде сәуірдің 16-да жоғалған адамды ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Целиноград ауданының Қабанбай-батыр ауылы маңындағы «Қарасу» су қоймасынан алып шықты. Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға қазіргі кезде кез-келген су қоймасынан балық аулау қаупті екенін еске салады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бір табын жылқы мұз құрсауында қалғанын жазған едік.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика