spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Негізгі мәселе – облыстық бюджет туралы

Сондай-ақ...оқыңыз

Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясы өтті. Мәслихат  төрағасы Бейбіт Жүсіпов сессияға 32 депутаттың 31-і келгенің хабарлады. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, бірқатар басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-23-2  «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Бюджеттің негізгі параметрлері мен ұсынылған өзгерістерді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев жеткізді.

Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 «Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы», 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Көкшетау және Қошсы қалаларының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілді.

«Ақмола облысының аумағында тұрақты облысішілік әлеуметтік маңызы бар автомобиль жолаушылар тасымалдарына тарифті келісу туралы», «Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» мәселелер қаралды. Облыс әкімдігі жанындағы бірқатар консультативтік-кеңесші органдар мен комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Сессия аяқталғаннан кейін дөңгелек үстел ұымдастырылды. Облыстық мәслихаттың жұмысы бойынша, оның ішінде барлық деңгейдегі депутаттардың қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау бойынша бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды. Депутаттар бағдарлама әкімшілері мен облыс әкімінің орынбасары Е. Рамазановқа бірқатар сұрақтар қоя алды.

Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов әріптестерін белсенді және сындарлы жұмысқа шақырып, облыстық мәслихат депутаттарына жерлестерінің барлық проблемалары мен мұқтаждары тұралы хабардар болу үшін аудандық және қалалық мәслихаттар сессияларына үнемі қатысқан жөн екенін атап өтті. 13 сәуірден бастап облыс әкімінің өңірлердегі есеп беру кездесулері басталады, онда халық қалаулылары проблемалық мәселелерді көтеріп  мен сайлаушылардың өтініштерін  жеткізуге  мүмкіндік алады.

Сонымен қатар мәслихаттың төрт тұрақты комиссияларының отырыстары өткізілді. Төрағалардың орынбасарлары сайланды, комиссиялардың жоспарлары мен міндеттері талқыланды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img