spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
10.2 C
Kokshetau

Ғалым Байтұқтың шығармашылық кеші өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің бірінші проректоры 52 жас туған күніне орай «Шығармашылық кеш» өткізді. Университет қабырғасындағы әріптестері мен қоғам белсенділері назарына өзінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, сұхбаттарын көрсетті.

Жан-жақты тұлға кеш барысында, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге қатысты жазған жазбаларын оқыды. Шынымен де, әділдік іздеп жар салған Ғалым Байтұқтың өнері мен біліміне қайран қалмасқа болмады.

«Ғалым Байтұқ білім ордамыздың бетке ұстар азаматарының бірі. Үнемі жаңашыл идеялармен, креативті бастамалармен университет имиджіне оң әсер етер шараларды ұйымдастырып жүреді. Бүгінгі ауыр жұмыс күнінен кейін әріптесімнің керемет деңгейде өтіп жатқан кешінен ләззат алудамын. Өскелең ұрпаққа үлгі болар азаматты тағы да туған күнімен құттықтап, мол табыстар тілегім келеді»,- деді университет проректоры Айгүл Жакупова.

Кеш барысында Ғалым Байтұқтың шығармаларынан бөлек, оның өмір-жолы туралы ақпарат баяндалып, жүрек жарды тілектер мен пікірлер де айтылып жатты. Шара соңы ауызашарға арнайы жайылған мерекелік дастарханмен жалғасын тапты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика