spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
11 C
Kokshetau

Кадр даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша колледж студенттерімен кездесу өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері «Арна» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде студенттерге мемлекеттік қызметке және сот органдарына жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді,-деп хабарлайды Аqmolanews Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында  Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Данияр Сапарбек және «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің директоры Динара Тәкенова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, департамент пен колледж кадрларды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде бірлесіп жұмыс істейтін болады, дәрістер, студенттермен кездесулер өткізеді, емтихан комиссияларына қатысады. Сондай-ақ, студенттердің практикадан өтуіне, ғылыми зерттеулер жүргізуіне, конференциялар, көрмелер, конкурстар өткізу кезінде әдістемелік  материалдармен алмасуына жағдай жасайды.

Департаменттің персоналды басқару бөлімінің басшысы Мадияр Бүркіт студенттердің жұмысқа орналасудың талаптары мен перспективасы туралы сұрақтарына жауап берді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img