spot_img
Жұма, Тамыз 1, 2025
24.2 C
Kokshetau

Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Көкшетау қалалық соты Көкшетау қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры М-ге қатысты айыптау үкімін жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Полиция қызметкері кәсіпкердің 49 700 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені және оны басқа орган тергеп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін пара беруге итермелегеніне кінәлі деп танылды.

Ол қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеуге 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ «полиция майоры» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: baigenews.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Астанада Jennifer Lopez концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика