spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau

Қаржы шартты түрде есептеледі: «Ұлттық қор – балаларға» жобасының талаптары мен шарттары жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаржы министрлігі өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп “Ұлттық қор – балаларға” жобасының талаптары мен ережелерін дайындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметіне сәйкес есепшотта бала 18 жасқа толғанша шамамен 3,5 мың доллар жиналады. Ал есепшот «БЖЗҚ» АҚ-да автоматты түрде ашылады екен. Қаржы жыл сайын қаңтарда бала 18 жасқа толғанға дейін шартты түрде есептеліп отырады. Іс жүзінде 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

Жобаға тек Қазақстан азаматтығы бар балалар қатысады. Егер бала 18 жасқа дейін азаматтығын өзгертсе, төлемді ала алмайды. Қаражат барлық балалар арасында қайта бөлінеді. Бала елден 18 жасқа дейін азаматтығы ауыспай кеткен жағдайда төлемдерге талап қою құқығы сақталады.

Балаларға қаржы доллармен төленеді. Сонымен қатар салықтан босату да ұсынылып отыр. 18 жасқа толған кезде қаражат баланың меншігі болады, ол қаражатты қалай пайдалану керектігін өз бетінше шешеді (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға). Сонымен қатар шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеу үшін шектеу енгізбеу жоспарланған.

Айта кетері, тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалануға тек Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеу болмайды.

Ал қаражатты мақсатты пайдалану үшін «БЖЗҚ» АҚ өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті операторларды («Отбасы банк»АҚ, екінші деңгейдегі банктер) анықтау ұсынылады.

Министрлік ұсынған шартқа сәйкес 18 жасқа толғанда шоттағы қаражат 5-10 жыл бойы сақталады. Талап етілмеген жағдайда 5-10 жыл ішінде шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсынылады. Сондай-ақ азаматтық заңнамаға сәйкес іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі көзделеді.

Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкілдерге) заңнамада белгіленген тәртіппен қаражатты пайдалануға құқық беру жоспарлануда.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын балалардың есепшотына аударуды ұсынған еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img