spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Облыс бойынша 728 сайлау участкесі жұмыс істеп тұр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 728 сайлау учаскесі құрылды. Өңір бойынша сайлаушылар саны 517 714 адам, оның ішінде алғаш рет дауыс бергендер саны 2512 адам, деп хабарлайды Aqmolnews ақпарат агенттігі.

«Барлық учаскелер қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Сайлауды бақылау үшін Ақмола сайлау комиссиясы 6 қоғамдық бірлестікті аккредиттеді, сонымен қатар сайлауды шетелдік бақылаушылар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер бақылайды»,- деп мәлімдеді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде де барлық жағдай жасалған. Сайлаушылар қарасы қалың. Жасы да, еңкейген қария да өз азаматтық борышын орындауға келді. Отбасымен келіп дауыс беріп жатқандар да бар. Мысалы Мұқановтар жанұясы осы сынды саяси науқанға белсене атсалысуға тырысамыз, себебі біз ел болашағы жарқын болғанын қалаймыз дейді.

«Бүгінгі сайлауға асыл жарыммен бірге келдік. Туысқандарымыз бен жақындарымызды да сайлауға барып, таңдау жасауға шақырдық. Әрине елінің болашағына бей-жай қарамайтын кез келген азамат өзінің дұрыс таңдауын жасауы қажет. Еліміздің болашағына сенеміз»,-дейді сайлаушы Коңысбай Мұқанов.

Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясында орналасқан №8 сайлау учаскесі ашыла салып, ең алғаш дауыс беруге келген әріптесіміз, «Көкше» телеарнасының тілшісі Калымбек Мұхамеджанов ағамыз екен.

«Бұндай саяси әрі тарихы оқиғалардан тысқары қалмайға тырысамын. Әр сайлаушының дауысы маңызды. Әрі бүгінгі өтіп жатқан сайлау аса күрделі және үлкен маңызға ие. Ел өркендеуіне халық болып үлес қосайық»,-дейді сайлаушы.

Айталық, №8 участкеде, сағат 12:00-ге дейін 311 адам дауыс берді. Негізі 1523 тұрғын осы сайлау участкесінде дауыс беруі тиіс. 3 адам үйде дауыс береді. Дауыс беру процесі бақылаушылардың қатан қадағалауында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img