Денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылғы 12 маусым күні Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен «Авиценна-Бурабай» ЖШС арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалғанын хабарлайды. 2023 жылға дейін жұмысшыларға сауықтыру жәрдемақысы төленіп келді. Десе де, биыл жеке ұйым жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өз бетінше шешім қабылдаған. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасы мен Ақмола облысының әкімдігін бұл туралы хабардар еткен жоқ. Сондай-ақ, қызметкерлерге заңда белгіленген мерзімде еңбекақы төлеу шарттарының өзгергені туралы хабар бермеген.
Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбек шарттарында демалыс беру кезінде төлемдерді реттеу туралы ереже көзделмеген. 2023-2025 жылдарға арналған салалық келісімде Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бергенде жылына бір рет қызметкердің бір лауазымдық жалақысынан кем емес мөлшерде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Авиценна-Бурабай» ЖШС басшылығы Евгений Бекаевқа шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру және медицина қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу қажеттігі туралы мәлімдеді. Сонымен бірге медицина қызметкерлеріне өз құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау және уәкілетті органдарға жүгіну құқығы бар.