spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Жылдамырақ…Биігірек… Мықтырақ…

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақында Қарағанды қаласының 5451 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының Кубогіне басталған жекпе-жек ұрысы 04 наурыз күні өз мәресіне жетті. Жарысқа Ұлттық ұланның СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды қалаларынан жауынгерлер келді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Үш күндік додада өзгелерден алға ұмтылып, әрбір спортшы өз салмағындағы қарсыластарының барлығымен кездесіп, ең көп жеңіске жеткендері финалға өтті.

– Әрбіреуің жақсы нәтиже үшін, топтық жеңіс үшін, тіпті жеңілістің өзінде жеңемін деп, жақсы кездесулер өткіздіңіздер. Айта кететін жәйт, бұл жолы сарбаздар өте жақсы дайындықтарын көрсетіп жатыр, бұл ең алды барлығымыз үшін жеңіс , – деп жарыстың бас төрешісі – Президенттік көпсайыстың Шаңғы мен биатлон жарысы бойныша спорт шеберіне үміткері, Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов өз сөзінде тоқталып өтті.

Басымдықпен алға ұмтылып, жеңіске деген жігермен, жарыс қорытындысы келесідей болды:

57 кг. салмағына дейін:
Жүлделі 1 орын – 6505 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Санжар Тайболдинға  (Қарағанды қаласы);

2 орын – 6637 әскери бөлімінің маманы ефрейтор Қабидолла Қозыбаевқа (Петропавл қаласы);

жүлделі 3 орын 5451 әскери бөлімінің аға сарбазы қатардағы Тимур Журекеновке бұйырды.(Қарағанды қаласы).

62 салмағына дейін:
3 орын – 5516 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Алмат Әбі (Теміртау қаласы);

2 орын – 6697 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ілияс Нығметжанның еншісі енді (Қостанай қаласы);

1 орын – 6505 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Қайлан Қасымға бұйырды. (Қарағанды қаласы).

67 салмағына дейін:
3 орын – 3517 әскери бөлімінің маманы сержант Арман Кабаковқа (Степногорск қаласы);

2 күміс жүлде – 5510 әскери бөлімінің аға сарбазы қатардағы Александр Нестеровқа еншіленді (Көкшетау қаласы);

1 орынды – 6637 әскери бөлімінің аға маманы сержант Тимур Мухамбеталин өз қанжығасына байлады. (Петропавл қаласы).

73 келі салмағына дейін:

3 орын  – 3517 әскери бөлімінің аға сарбазы қатардағы Артур Мироновқа бұйырса (Степногорск қаласы);

2 орын – 6697 әскери бөлімінің сарбазы Дмитрий Киндяшев жеңіп алды (Қостанай қаласы);

1  орын – 6505 әскери бөлімінің аға маманы сержант Ғабит Досмахановқа бұйырды.

80 кг салмағына дейін:
3 орынды – 5510 әскери бөлімінің маманы қатардағы Дәурен Мұхтар еншіледі (Көкшетау қаласы);

2  орын – 3517 әскери бөлімінің маманы қатардағы Андрей Ушаков (Степногорск қаласы);

1 – 6505 әскери бөлімінің маманы қатардағы Әділет Манаптың еншісіне енді (Қарағанды қаласы).

88 келі салмағында:
3 орын – 5516 әскери бөлімінің аға маманы қатардағы Бейбарыс Ғабдулловтың (Теміртау қаласы);

2 орын – 5510 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бекболат Құрманбайдың (Көкшетау қаласы);

1 орын – 6505 әскери бөлімінің маманы кіші сержант Ғалым Жақсылықовтың қанжығасына байланды (Қарағанды қаласы).

Түйе жүлде 97 келі салмағына дейін:

3 орын – 5451 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Рахымжан Сайлаубаевқа бұйырды (Қарағанды қаласы);

2 орын – күміс жүлдегер боп 5510 әскери бөлімінің аға сарбазы қатардағы Александр Объедков атанды (Көкшетау қаласы);

1  орынды – 3517 әскери бөлімінің сарбазы Мади Сәлімжан еншіледі (Степногорск қаласы.)

Жарыс кезінде ерекше көзге түсіп, спорттық шеберлігін көрсете білгендер де, қалыс қалмады. Олардың ішінде:

  • жақсы техникалық әдістері үшін – Петропавлдық 6637 әскери бөлімінің маманы Қабидолла Қозыбаев марапатталды;

–  Ең тез жеңіске жеткен – Қарағандылық маман кіші сержант Ғалым Жақсылықов марапатталды;

–  Жеңіске деген ұмтылысы үшін – 5516 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Біржан Сайын марапатталды.

Жалпы командалық есепте:
3 орын – жалпы 30 ұпай есебімен Степногорск қаласынан келген 3517 әскери бөлімі атанды;

2 орынды – 31 ұпай есебімен Қостанайлық 6697 әскери бөлімі жарыстың күміс жүлдері атанды;

1 орынды – жалпы санақта 35 ұпайымен өзгелерден алғы шығып, жарыс жеңімпаздары – өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың Кубогінің биылғы 2023 жылғы иегері болып – Қарағанды қаласының 6505 әскери бөлімі атанды.

Жеңімпаздарды өңірлік қолбасшылықтың дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов жеке марапаттап, алғы сайыста жеңістер тіледі.

Алдағы уақытта жеңіске жеткен жауынгерлер топ құрап, сәуір айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық жарыста Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img