spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Өлгендерді, әсіресе балалардың мәйітін табу жанға батты», — Түркиядан келген ақмолалық құтқарушылар

Сондай-ақ...оқыңыз

Күні кеше Көкшетауда Түркиядан келген құтқарушылармен кездесу өтті. Көршілес жатқан мемелекет аумағындағы жойқын жер сілкінісі кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан Ақмола құтқарушылары Отанына аман-есен оралды. Және бүгін Көкшетау қаласының 2-МӨС бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Ғиззат Әлішер Әділұлы және Көкшетау қаласының 2-МӨС бөлімшесінің командирі Тілеген Темірболатовтан сұхбат алу мүмкіндігіне ие болдық.

Құтқару жұмыстары барысында Сіз үшін ең қиын не нәрсе болды?

Ең қиыны- мүрделермен жұмыс істеу, біз өлгендердің денесін табуымыз керек еді, әсіресе балалар табылған кезде адам төзгісіз жүрегің ауырады. Біз жер сілкінісінен кейінгі екінші күні ұшып келдік, үйінділердің астында 30 — ға жуық адам қалған учаскеде жұмыс істедік, өкініштісі, олардың барлығы қаза тапты, – дейді Тілеген Темірболатов.

– Сіз ол жаққа бара жатқанда қандай ой болды?

— Біз бұл салада бірінші жыл қызмет етіп жүрген жоқпыз ғой, моральдық тұрғыдан дайын болдық. Бұл жұмыс оңай болмайтынын білдіқ. Біз мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейміз, қаза тапқандардың денелерімен бетпе-бет келген кездер болды, бірақ Түркиядағыдай емес, бүтін бір отбасы қаза тапқанда, бұдан ауыр дүние жоқ шығар дедім.

– Осы жұмыс сапарынан Сіздің есіңізде не көп болды?

Біз жұмыс істеген учаскеде тірі қалғандар болған жоқ. Іздеу жұмыстары барысында қасымызда екі ұлы, қызы мен анасынан айырылған ер адам тұрды. Біз жақындарының денелерін шығарған кезде, көз жасына ерік бере алмады. Өте қайғылы, әрі ауыр жағдай. Біз мәйіттерді үйінділердің астынан сәтті шығарып алғанымызда, ол бізді құшақтап, туыстарының денелерін ұқыпты және тұтас тартып алғанымыз үшін алғыс айтты. Көрші учаскеде Алматы облысынан келген қазақстандық құтқарушылар бір отбасын аман алып қалды, тек өкініштісі, отанасын құтқара алмады.

– Адамдарды іздеу процесі қалай өтті?

— Бұл тұста арнайы техника жұмыс істейді. Бірақ адамдарды біз көбіне қолмен өзіміз шығаруға тырыстық. Мысалы, жүк көлігі қоқыстарды тазалайды, ал біз адам денелері болған жағдайда біз зақым келтірмеу үшін қолмен жұмыс істеуге тырыстық, бірақ негізінен аяқ-қолдар деформацияланған, сынған күйде кездесіп жатты. Біз оларға зиян келтірмеу үшін мұқият жұмыс істеуге тырыстық, әсіресе қаза тапқандардың туыстары жұмыс процесін бақылап отырды.

– Қираған жерлерде жалпы жағдай қандай болды?

– Жұмыс аяқталғаннан кейін әріптестеріміз, бір-бірімізді қолдау көрсеттік. Стресске бой алдырмай, өз жұмысымызды жасауға тырыстық. 4 немесе 5 сағат ұйықтауға мүмкіндік болды және қайтадан жұмысқа кірістік, түнде де жұмыс істедік. Біз ол жерге жеткен кезде 6 үй құлады, біз бірден жұмысты бастап кеттік. Аудармашылар учаскелерде жұмыс істеді, бұл қазақстандық еріктілер екен, солардың арқасында тіл түсінбей сияқты қиындықтар болған жоқ.

– Сіздерде тағы да жер сілкінісі болады деген қорқыныш болмады ма?

Біз бұл туралы ойлаған жоқпыз, бауырлас халыққа көмектесу ең басты мақсаты болды. Қорқыныш сезімі туралы мүлдем ұмыттық. Бізді жібермес бұрын, әрқайсысымен жеке сөйлесіп, моральдық тұрғыдан дайындады.

Камила Әбделманова
Алма Байғожина
Сурет: Алма Байғожина

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img