spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
20.3 C
Kokshetau

Ұлттық ұланның жауынгерлері Көкшетауда нашақорды ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша жауынгерлік қызметті атқару барысында 5510 әскери бөлімінен жасақталған әскери жасақ, құрамында: әскери жасақ бастығы қатардағы Александр Волков және патрульшілер қатардағы Евгений Карпов пен Владислав Вебер патрульдеу бағытында М. Жұмабаев көшесі бойынша № 43А үйдің жанында күдікті азаматты анықтады, ол әскери жасақты көрген бетте жасырынуға тырысқан.

Әскери жасақтың білікті әрекетімен азамат «А» ұсталып, Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізілген, сөмкені және ішкі қалтасын тексеру барысында 20 дана «Трамадол» таблеткасы бар пластикалық пакет, шығу тегі белгісіз таблеткалары бар қара оқшаулағыш таспамен байланған екі пакет, электрошокер және «Горилла» энергетикалық сусынның екі қаңылтыр банкасы тәркіленді, онда жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.

Ұсталған адам күнәсін мойындады және одан әрі тексеріс жүргізу үшін Көкшетау қаласының полиция басқармасына тапсырылды.

«Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика