Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда пияз тапшылығы болмайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қазақстанда пияз жеткілік. Экспортты жауып тастадық. Бұрыңғыдай 1-2 келі алып үйге тұтынса болады. Астанада пияздың келісі 130 теңгені құрайды. Кеше Magnum дүкенінің өкілдері тексеріс жүргізіп, 19 адамды анықтады. Олар пиязды арзан бағада алып, базарда қымбатқа сатқан. Ол деген дұрыс емес қой. Біз осы тауарды халыққа арзандатып, 130 теңгеден сатып жатырмыз. Одан кейін сапасы төмен деген әңгіме басталды. Барып тексердік. Сапасы жақсы. Әрине, арасында кесілгені, езілгені болады. Картопта да сондайы кездеседі. Әрбір әкімдікке индикациялық баға бердік. Осындай бағамен сатасыз деп. Биыл инфляцияның деңгейі 9,5 пайыздан аспайды”, – деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар министрлік статистика бюросымен бірігіп бағаның индикаторларын жасаған.
“Дұрыстап айналым схемасы арқылы алған әкімшілік шығын көрмейді. Кезінде пиязды қорларға салып 45-50 теңгеден алуға болатын еді. Картоп 60-70 теңгеден болды. Делдалдар арқылы алып жатқандарға әрине қиын”, – деді Сауда және интеграция министрі.