Қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп тараған түрі – «Халық Банк» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларын сатып алу немесе сату туралы жарнама.
Мысалы, «Youtube» әлеуметтік желісіндегі роликтерді қарау кезінде ақшалай қаражат төлеуді жүзеге асыратын ұлттық компаниялардың өткізілетін акциялары туралы немесе компанияның осы акцияларын сатып алу мүмкіндігі туралы жарнама шығады. Сілтеме бойынша өтіп, азамат өзінің жеке деректерін енгізетін сауалнаманы толтырады.
Сауалнаманы толтырғаннан кейін «компания» менеджерінен телефон қоңырауы түседі, ол кіріс алу мүмкіндіктері туралы айтады, мұнда акцияны тіркеу немесе сатып алу үшін ұсынылған шотқа аз мөлшерде ақша аудару қажет.
Азаматтар акцияларды сатып алу арқылы табысқа кенелемін деп сеніп ақша аударады. Кейбірі тіпті несие алып жатады. Алайда, ақша аударғаннан кейін «компания менеджерлері» байланысқа шықпай қояды.
«Осыған байланысты, тауарды сатып алу кезінде сатушының сенімділігіне көз жеткізіп, таныс адамдардан тауар мен сатушы туралы білуді ұсынамыз» – дейді заң сақшылары.
Осындай қылмыстық схеманың құрбанына айналмау үшін қырағылықты жоғалтпау керек. Қандай да бір компаниядан бәзбіреулер қоңырау шалып, үсыныс тастайтын болса, сол компанияның ресми телефондарына хабарласқан жөн.
Фото: adyrna.kz