spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Қазақстанда картоп, сәбіз, пияз жеткілікті ме?

Сондай-ақ...оқыңыз

Министрдің айтуынша, сәбіз бойынша импортқа қажеттілік 2 мың тоннаны, ерте пісетін көкөністерге қажеттілік – 3,8 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды informburo.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында Қазақстандағы картоп, сәбіз, пияз қоры туралы баяндады.

Министрдің баяндауынша, картоп бойынша министрліктің ұсынатын көлемі 73 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте Абай, Ұлытау және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлік сұранысты ескере отырып, қажеттілік көлемін азайтқан. Ал Абай облысына – 2100 тонна, Алматы облысына 727 тонна  картоп қажет. Бұл ретте жалпы алғанда өңірлер 85,8 мың тонна картопқа келісімшарт жасаған.

«13 өңір жасыл аймақта, онда келісімшарттар көлемі министрлік ұсынатын көлемінің 100 және одан да көп пайызын құрайды (Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Атырау, ШҚО, БҚО, Жетісу және Абай облыстары, Астана және Алматы қалалары). Келісімшарттардың көлемі 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі сары аймақта 7 өңір орналасқан (СҚО, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау облыстары, Шымкент қаласы). Бұл ретте, картоп өндірушілердің негізгі өңірлері – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары нарықтағы картоп қорының жеткіліктілігін атап өтуде», – деді министр.

Әкімдіктердің деректері бойынша, ішкі нарық қажеттілігін биылғы мамырдан бастап оңтүстік елдерден 5,1 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдер есебінен, шілде айында Түркістан облысынан 4,9 мың тонна көлемінде ерте картоп жеткізу есебінен қамтамасыз ету жоспарланған.

Сәбіз бойынша да жоғарыда аталған үш облыстың әкімдіктері қажеттілік көлемін азайтқан. Жалпы, өңірлер келісімшарттарының көлемі 28,8 мың тоннаны құрайды.

«Келісімшарттардың көлемі 100 пайыздан асатын жасыл аймақта 11 өңір (Атырау, Қостанай, Түркістан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, БҚО, СҚО, ШҚО және Алматы қаласы), Келісімшарттар көлемі 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі сары аймақта 8 өңір (Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары, Астана, Шымкент қалалары) бар. Павлодар облысы қызыл аймақта, онда келісім-шарттардың көлемі 50 пайыздан төмен. Бұл ретте, жоғарыда атап өткендей, облыста жергілікті өндірушілермен 5 мың тоннаға меморандумдар бар», – деді министр.

Министрдің айтуынша, импортқа қажеттілік 2 мың тоннаны, ерте пісетін көкөністерге қажеттілік – 3,8 мың тоннаны құрайды.

Пияз бойынша министрлік ұсынған көлеміне (19,5 мың тонна) Абай және Алматы облыстары әкімдіктері өзгерістер енгізген. Жалпы, келісімшарттардың көлемі 25,4 мың тонна пиязды құрайды.

«Келісімшарттардың көлемі 100 пайыздан асатын жасыл аймақта 14 өңір (БҚО, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола облысы, Ұлытау облысы және Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, Атырау, ШҚО, СҚО). Келісім-шарттардың көлемі 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі сары аймақта 6 өңір (Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары, Абай және Жетісу облыстары, Шымкент қаласы). Импортқа қажеттілік 2,8 мың тоннаны, ерте пісетін көкөністерге қажеттілік – 2,2 мың тоннаны құрайды», – деп түсіндірді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img