Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру – жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілерге де маңызды. Себебі жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауына, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туғызады. Жастар ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылғандықтан, жастарды жұмыспен қамту, орталықтар үшін басты назарда тұр.
Жоғарыда айтылғандай бос жұмыс орындар жәрмеңкесін Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы «НОВОПЭК» компаниясында ұйымдастырып өткізді. Айта кету керек, аталмыш жәрмеңкені облыстық ЖРО жыл бойы өткізіп отырады
Шараның мақсаты – жұмысқа орналастыру, өндірістегі жұмыстың көрсетілімі, сондай-ақ өзінің ашық бос жұмыс орындары мен жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы әңгімелеу болып табылды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде электрик, дәнекерлеуші, механик және т.б. мамандар бойынша ұсынылды.
Аталған шараға «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК, «Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі», Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК, «Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжі», «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің 3-4 курс студенттері, БАҚ және аталған ТжКБ өкілдері сондай-ақ «НОВОПЭК» компаниясының қызметкерлері қатысты.
«Шара өте қызу өтті десек, қателеспеген болармын. Себебі қатысушылардың көбісі аталған компания жөнінде толықтай мәлімет алып, көкейлерінде тұрған сұрақтарын еркін жариялап, жұмысқа орналасуға бір қадам ілгері басқандары байқалды. Әрқайсысы комапния жайында ақпарат алғаннан кейін оларға арнайы экскурсия жүргізілді. Жалпы алғанда жәрмеңкеге 80-ге жуық студент қатысты» – деп «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру» бөлімінің басшысы Мақпал Жанарисова атап өтті.
Іс-шара соңында «НОВОПЭК» компаниясының және ТжКБ өкілдері болашақ мамандарды одан әрі жұмысқа орналастыру жайында дөңгелек үстел құрып, талқыға салды.
Ізгі құрметпен, Ақмола облысы
Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)