spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Сириялық нейрохирург»-пен танысқан ақмолалық 5 млн теңгесінен айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зейнеткердің ақшасын жалған БҰҰ өкілдері әскери дәрігердің Қазақстанға ұшуын ұйымдастыру қажет деп алдап иеленген деп хабарлайды Ақмола облысының Полиция департаменті.

Щучинск қаласының 71 жастағы тұрғыны ерекше алаяқтыққа тап болды. 5 ақпанда зейнеткер жергілікті полиция бөліміне хабарласып, шетелдікпен хат алмасқаннан кейін 4,9 миллион теңгесінен айырылғанын айтты. Алты айға жуық уақыт бойы алаяқтар шетелдіктің Қазақстанға кедергісіз ұшып келуі үшін жәбірленушіден әртүрлі себептермен АҚШ доллары түрінде қаражат сұрап отырған.

Алаяқтық фактісін полицейлер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді (алаяқтық).

Жәбірленуші 2022 жылдың шілдесінде Instagram әлеуметтік желісі арқылы өзін Уильям Альберт деп таныстырған адаммен танысқанын айтты. Жаңа дос ақмолалыққа нейрохирург дәрігері болып жұмыс істейтінін және Сирияда Алеппо қаласының маңында екенін айтты. Бұдан әрі байланыс Skype арқылы жалғасты, ал біраз уақыттан кейін шетелдік Қазақстанға келгісі келетінін хабарлады, алайда ол үшін зардап шегушінің жазбаша келісімі қажет болған, оны әйел Skype арқылы жіберген.
Шамамен екі күннен кейін өтініш берушінің электронды мекен-жайына Біріккен Ұлттар ұйымынан хат келді, онда БҰҰ-ның жалған өкілдері «Альберттің» қауіпсіз ұшып келуі үшін 2000 АҚШ доллары көлемінде ақша қажет екенін хабарлады. Зейнеткер көрсетілген шот бойынша талап етілетін соманы жібергеннен кейін, оған сол «БҰҰ өкілдері» хабарласып ақшалай қаражаттың дұрыс енгізілмегенін және Қазақстанға ұшатын ұшақ тоқтатылғанын айтып түсіндірді. Алты ай бойы алаяқтар рейстің тоқтатылуының әртүрлі себептерін ойлап тауып, ал әйел болса қажетті ақша аударымдарын жібере берді, туыстарының ешқайсысына жаңа досы туралы тіс жармаған. Жалпы, ақмолалық алаяқтардың шотына 10 мың 200 АҚШ долларын немесе 4,9 миллион теңге жіберді. Ол бұл ақшаны туыстарынан қарызға алған, сонымен қатар банктерден екі несие алған.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, ақша аударымдарының түбіртектері мен хат-хабарлар тәркіленді. Полиция азаматтардан тағы да қырағы болуды және ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың тексерілмеген шоттарына аудармауды сұрайды.

 

Фото: stan.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img