spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ауылдық жерлердегі мемлекеттік қызметшілерге қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер қатарына білікті мамандарды тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Өткен жылы бос мемлекеттік лауазымдарға арналған конкурстардың қорытындысы бойынша 938 адам қабылданды. Бұл ретте, бүгінгі таңда облыс бойынша мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындарының 12,7%-ы ауылдық округтерде.

Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін сұранысқа ие мамандармен күшейту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Басқа сөзбен айтқанда, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміттене алады.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік несиенің көлемі қазіргі уақытта несие сомасынан жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге 1500 АЕК, ал көтерме жәрдемақы – 100 АЕК құрайды. Аталған әлеуметтік қолдау шаралары басшы лауазымдарды атқаратын адамдарға көрсетілмейтіндігін атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда 24 мемлекеттік қызметшіге қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде 38 723 000 теңге мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға 9 бюджеттік несие және 6 038 400 теңгеге 20 көтерме жәрдемақы берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img