spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 2, 2026
-15.8 C
Kokshetau

«Өнегелі ұстаз тағылымы» атты ғылыми семинар өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ғылыми Кеңес залында белгілі ұстазымыз, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, әдебиетші ғалым, жерлес ағамыз, Көкше азаматы Аманжол Ыдырысұлы Есмағұловтың 80 жасқа толуына арналған “Өнегелі ұстаз тағылымы” атты ғылыми семинар аталып өтті. Ғалымын алақанға салып, ардақтауды айнымас дәстүрге айналдырған ел азаматтары сахна төрінде оған лайықты сый-құрмет көрсетті.
Салтанатты жиында ректорымыз Марат Қадырұлы Әлжан- Сәберлі елінен түлеп ұшқан мерейтой иесіне жүрекжарды ізгі тілегін білдірді. Жақан Сыздықовтан диссертация қорғап, Абай туралы толғап,өткен мен бүгін жайлы сабақтастыра отырып, танымдық тағылымы мол тамаша туындыларды өмірге әкелген Әбекеңнің еңбегі әр қырынан әңгімеленді. Сексеннің сеңгіріне көтерілген ұстазына деген телегей тілегін белгілі ғалымдар, ардагерлер, шәкірттері ақтарды. Фильм көрсетіліп, еңбектері талданды, арнау айтылып, ән тыңдалды.
Шәкірті Ғарифолла Жұмабекұлы жүргізген кеште қалың оқырманына рухани құнды дүниелер сыйлаған шығармашылық иесі жайлы әріптестер жылы лебіз білдіріп, мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығынан сыр тарқатты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Полиция департаментінің түсіндірмесі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика