spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Алексеевка ауылында су құбырының құрылысы аяқталмаған күйінде қалып отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданы Алексеев ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы аяқталмағына міне үшінші жыл. Елді-мекенге жаңа су желілері 2020 жылы жүргізіле бастаған. Тұрғындар бірнеше жыл бойы су құбырын өз беттерінше салуға тырысып жүр.  Желілердің тозуы салдарынын су екпіндері мен апаттар жиі орын алатын болды. Ақ жағалылыр ауыл тұрғындарына жаңа су құбырын жүргізуді бастап, жыл соңына дейін әр үйде су болады деп уәде еткен.

 Ол үшін республикалық бюджеттен 360 миллион теңге бөлінді. Бірақ тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Алдымен жоба 2021 жылға ауыстырылды. Содан кейін жаңартылған желілерді іске қосу мерзімі 2022 жылға ауыстырылған. Өткен жылы жергілікті тұрғындар су құбырының құрылысы ұзаққа созылғанына наразылықтарын білдірді. Олар бірнеше рет аудан әкімдігіне де жүгінді. Іске «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің белсенділері де қосылды. Бірақ жаңа желілердің уақтылы берілуіне қол жеткізудің барлық әрекеттері нәтижесіз болған. Жаңа жылға дейін жиырмаға жуық үйге ғана су қосылды,өйткені олар ескі су құбырынан мүлдем ажыратылған.

  Жаңа жылға дейін ескі трассада жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі жоқ адамдарға жаңа трассадан су берілді. Олар бір-екі ай бойы сусыз отырды. Су бірнеше күн болды, содан кейін судың қысымы төмендеп, тамшылап қана ағатын болды. Кей үйлерде зейнеткерлер, мүгедектер тұрады. Сондай отбасылырға қиын болды. Ескі желілерде су таңертең, түскі уақытта және кешке 2 сағаттан ғана беріледі. Тәулігіне 6 сағат қана!, – дейді Алексеевка ауылының тұрғыны Владимир Евсеенко.

Жаңа су желілерінің өзі дұрыс жұмыс істемейді, дейді ауыл тұрғындары. Олар тіршілік көзі, судың үнемі сөніп қала беріп, үзік-үзік болып келетініне назары.  Жаңа су құбырының өзі нашар жасалған. Бұған дәлел-бірнеше рет орын алған апаттар. Жергілікті тұрғын Азамат Сатыболдинов жаңа желілер қысымға төтеп бере алмайды, сол себепі апаттар жиі орын алады дейді.

Үшінші жыл бойы олар су құбырын жасап жатыр, әлі аяқтай алмай отыр. 10 қаңтарға дейін олар жабдық қалдықтарын, генераторды, есептегіштерді әкелуге уәде берген. Мысалы, адамдар суға қосылғаннан кейін есептегіштерді қою керек қой. Осы уақытқа дейін қарапайым есептегіштерді әкелу мүмкін болмады ма? Жұмыс сапасында кемшіліктер өте көп. Орта ғасырлардағыдай су сағат сайын ғана беріледі. Кейде сорғы станциясында жаңа ысырмаларды өзіміз ауыстырып қоямыз, – деп шағымын білдірді Азамат Сатыболдинов.

Мәселені «Әділдік жолы» облыстық филиалының қоғам белсенділері де көтерді. Олардың айтуынша, Алексеевка су құбырын салатын «Монолит» серіктестігінің мердігер ұйымы Бұланды ауданының Никольское ауылында, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында, Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылында және Есіл ауданының Заречное ауылында желілерді қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың барлығында жұмыстар аяқталған жоқ және нысандар пайдалануға әлі берілмеді. Осы сынды құрылыстарды уақытында аяқталмау жобаның қымбаттауына және бюджеттік қаражаттың мардымсыз жұмсалуына әкеп соғатыны белгілі.

Тапсырыс беруші Зеренді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі атынан осы жобаның іске асырылуы тиісті түрде бақыланған жоқ. Бұл жоба 2021 жылға жоспарланған, қазір 2023 жыл. Нәтижесінде ауыл тұрғындары суға қатысты қиындықтарға тап болып, амалын өз күштерімен табуға мәжбүр болып отыр. Егер сот басталса, сәйкесінше ұзаққа созылады. Себебі бізде бастапқы инстанция, одан әрі шағымдану инстанциясы бар. Тиісінше, бұл жыл бойына созылуы мүмкін.  Ал бұндай қарқынмен су мәселесі бүгін-ертен шешілмейді», – деді «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының директоры Алмат Исмағұлов.

Жергілікті билік жобаның аяқталу уақытын жылдамдатуға тырысып жатыр. Зеренді ауданының әкімдігі мердігер ұйымның жауапсыздығына байланысты ауыл тұрғындарының үйлерін  жана су желілеріне қосу мүмкін болмады деп түсіндіреді. Жобалық-сметалық құжаттамада да проблемалар мен кемшіліктер жоқ емес. Сол себепті,  жобаны жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар туындады.

Су сорғы станциясының құрылғыларын жеткізу мерзімі 18-ден 20 аптаға дейін ұзартылған. Бұл жабдықты іске қосу, ұялы байланыс, дизель генераторы арқылы сорғы станциясының компоненттері қажет. Мердігер келісімшарттарды 2023 жылға ұзартуды сұрады. Бүгінгі таңда біз мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз бердік. Сондай – ақ, мердігерді осы жұмыстарды аяқтауға және өсімпұл төлеуге міндеттеу туралы талап қойылды», – деді Зеренді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Рүстем Жұмабеков.

Қазір аудан әкімдігі мен мердігер ұйым арасында сот талқылауы басталды. Осыған қарамастан, жергілікті билік 1 маусымға дейін жаңа су құбырын іске қосуға уәде берді. Бірақ ауыл тұрғындары көкейінде үлкен күмән болары белгілі.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img