spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
25.2 C
Kokshetau

Ақмола тұрғыны көршісінің көлігін ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола тұрғыны көршісінің көлігін ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, – деп хабарлайды Aqmolanews Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 12 қаңтарда Степняк қаласының 67 жастағы тұрғыны Біржан сал аудандық полиция бөліміне сағат 00:30-дан 07:30-ға дейінгі аралықта белгісіз адам гараждан Volkswagen Passat автокөлігін ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 2 млн теңгені құрады.

Өтініш берушінің айтуынша, алдыңғы күні кешке көршісі оны іс бойынша Степногорск қаласына апаруды өтінген, алайда ол өзін нашар сезінгендіктен, жігітке апара алмайтынын айтқан.

12 қаңтар күні таңертең көлігін таппаған ақмолалық полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Степняк қаласының 19 жастағы тұрғын болып шықты. Ол “Макинск-Ақсу-Торғай” автожолының 80 шақырымында криминалдық полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қаскүнем жолдан шығып кетіп, көлік қарда қалып қойған. Жас жігіт көлікті тастап, бағыттас автокөліктермен Степногорск қаласына жетуге тырысқан.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біздің бостандығымыздың кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика