«Амаnat» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне халықтың нөпірі тоқтаған емес. Өтініш айтып, арыз жазған азаматтарды толғандыратын мәселелер сан алуан. Біреу жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін немесе тезірек пәтер алғысы келсе, біреулері жұмыс таба алмай, коммуналдық сипаттағы мәселелерді шеше алмай жүр.
2022 жылы «Amanat» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7464 өтініш келіп түсті. Қарау қорытындысы бойынша өтініштердің 62 пайызы оң шешімін тауып, 37 пайызына түсіндірмелер беріліп, 1 пайызы бақылауда тұр. Өзектілігі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 2211 өтініш немесе 30%, осы мәселе бойынша түскен өтініштердің 58% оң шешімін тапты. Ең бастысы, азаматтарды электр энергиясымен қамту, халықты сумен, жылумен қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мәселелері толғандырады.
Әлеуметтік қамсыздандыруға бойынша өтініштер күнделікті қабылданып жатады. Олар атаулы әлеуметтік көмекке тіркеу, мүгедектік алу, материалдық көмек көрсету – 1607 өтініш немесе 22%, түскен өтініштердің 80% оң шешілді. Бұл ретте, есепті кезеңде 14% – еңбек және еңбек даулары бойынша сұрақтар. Өтініш бергендердің 84 пайызы жұмысқа орналастыру мәселесін оң шешті.
Азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 9 пайызды құрайды, бұл мәселе жедел шешімін таппай отыр.
«Халыққа Көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар жалғасып жатыр. Апта сайын адвокат, нотариустар және медиаторлар қабылдау жүргізеді. Қарау қорытындысы бойынша азаматтарға ауызша заңгерлік кеңестер беріліп, сот құжаттарын рәсімдеуге көмек берілді. Сонымен қатар, 15 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 49 өтініш, 291 көшпелі қоғамдық қабылдау өтіп, 1033 адамның өтініші қабылданды. «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында адвокаттар, нотариустар және медиаторлар 237 қабылдау өткізіп, 451 азаматқа консультативтік көмек көрсетті.
Биылғы жылдың наурыз айынан қыркүйекке дейін шалғай елді мекендерде 45 мобильді қоғамдық қабылдау өтіп, нәтижесінде 363 адам қабылданды. Негізгі мәселелер: сумен қамту, жол жөндеу, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, әлеуметтік нысандарды (мектептер, емдеу мекемелері және мәдениет үйлері) салу және күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру. Бұл бастама азаматтармен кері байланысты күшейту бөлігінде партияны трансформациялау жұмыстары аясында жүзеге асырылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша: өтініштердің 40%-ы оң шешілді, 57%-ы кеңес берілді, 11-і жұмыс үстінде.
Мәісенлен, осындай мобильді қабылдаудың кезінде Атбасар ауданы Новосельское ауылының тұрғыны Татьяна Сафонова жаңа емхана құрылысын салу мәселесін көтерді. Қазіргі таңда дәрігерлік пункт ауыл әкімдігінің аппараты ғимаратының бейімделген бөлмесінде орналасқан. ФАП құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгендіктен, ғимараттың құрылысы әлі басталған жоқ.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша биылғы жылы ФАП ғимаратының құрылысы басталатындығын жеткізді. Бүгінгі таңда Ақмола облысының құрылыс басқармасы бас мердігерді анықтау рәсімдерін жүргізуде.
«Аmanat» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауларында шалғай ауыл тұрғындары толғандырып жүрген көптеген өзекті мәселелерді көптеп көтеруде. Осындай мобильді көшпелі қабылдаулардың бірінде Жақсы ауылының тұрғыны Дулат Жамбаев жол жөндеу мәселесіне тоқталды. «Біздің ауданда ең өзектәі сұрақ «Жақсы-Чистополье» жолының учаскесінің жөндеуі. 1985 жылы жөндеу көрмеген жолдың әбден тозығы жетті. Биыл осы мәселені сапалы жөндеуден өткізіп, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп беріңіздер», – деп өтініш жеткізді ол.
Аталған жол жалпы саны 1521 тұрғыны бар 5 елді мекенді облыс орталығымен байланыстырып, Солтүстік Қазақстан облысымен шектеседі. Күрделі жөндеуге 2021 жылы 400 млн теңге қаражат бөлініп,игерілсе, 2022 жылы 1 млрд теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны 15,9 млрд теңгені құрайды. Жобаға ұзақтығы 3 жыл. Бұл жобаны жүзеге асыру халықтың әлеуметтік мәселелерін шешеді, шағын және орта бизнесті дамытуға жол бойындағы қызметтерді, жанар-жағармай құю станцияларын, жол бойынша бизнес нысандарын ашуға мүмкіндік береді, облыс орталығы – Көкшетау қаласына тұрғындардың кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Амаnat» партиясы АОФ көшпелі қоғамдық қабылдауларының бірінде Есіл ауылынан келген Майра Қажетова Ақсай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау мәселесін көтерді. Арызданушының шағымы қанағаттандырылды. Уәкілетті органдардың мәліметінше, Есіл ауданында жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына облыстық бюджеттен 209 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын ағымдағы жөндеуге 100 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, 85 млн теңгеге Есіл қаласының №1 қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 ыстық су қазандығы орнатылды.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты басымдықтардың қатарында қалып отыр. Ақсай ауылының су құбырын салу және қайта жаңарту бойынша 2021 жылы құрылысты бастауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 230,2 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді, 13 шақырымға жуық су тарату желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, 3,5 шақырымы төселді. 2022 жылы нысан бойынша жұмыстарды аяқтауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 429,9 млн.теңге, қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 66,0 млн.теңге бөлінді.
Сондай-ақ өткен жылы су тарту құрылыстары кешенін салу, 7 шақырымға су құбыры желілерін тарту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды су құбырына қосу жұмыстары аяқталды.
Осылайша, Есіл ауданына қарасты Ақсай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту 1000-нан астам ауыл тұрғынын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қоғамдық қабылдаудан кейін біз әр сұрақты соңына дейін жеткізіп, шешімін табуға тырысамыз. Ал шешін таппайтын мәселелер көбінесе сот шешіміне шағымдану немесе құқық қорғау органдарының қызметіне араласу сұрақтарымен келіп түскен арыздар. Партияның мұндай өкілеттіктері жоқ. Сондай-ақ белгілі бір қаражатты талап ететін мәселелерді шешуге қажетті материалдық ресурстар партияда жоқ. Емделуге ақы төлеу, үй сатып әперу сияқты мәселелерге келген демеушілердің көмегіне жүгінеміз. Азаматтар қаржылай көмек сұрап бізге жиі жүгінеді. Бірақ адамға мұндай көмек шынымен керек екенін көрсек, көмектесеміз, кәсіпкерлерді, депутаттарды, демеушілерді тартамыз. Бұл ретте Партия депутаттары тарапынан көп көмек көрсетілуде, мәселен, Есіл ауданының депутаты Сейілбек Сағатов Красивое ауылының тұрғынына баласын емдеуге 200 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетсе, сондай-ақ, партияның көмегімен Бұланды ауданы, Капитоновка ауылындағы мектеп асханасына пеші бар электр плитасы сатып алынды.
Мәдениет ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматқа монша салуға көмектестік. Монша құрылысына 270 мың теңге демеушілік ақша жиналды. Монша салынды.
Қоғамдық қабылдаулардың мақсаты – өтініштерді қарау және оларда көрсетілген мәселелерді шешу жолдарын іздеу. Біз адамдарға мемлекеттік және атқарушы органдар шешпеген, олардан ешқандай қолдау болмай бізге хабарласқанда көмектесуге тырысамыз. Көп жағдайда біздің қорлымыздан осы көмек шешіліп жатады. Аз да болса, оған қуанышытымыз.
Ақманат Әлімбетова
«Amanat» партиясы Ақмола облыстық филиалы
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі