spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды – Ерлан Қарин қаңтар оқиғасы жайлы

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында осыдан бір жыл бұрын болған қасіретті қаңтар оқиғасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан бір жыл бұрын қайғылы қаңтар оқиғасы болды. Сол күндері теріс күштер бейбіт шерулерді пайдаланып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты. Олардың басты мақсаты – жүргізіліп жатқан жаңашылдықтарға тосқауыл болып, ескі тәртіптерді сақтап қалу еді.

Сол сәтте еліміздің хаос пен анархияға түсу қаупі төнді. Әр минут маңызды еді. Бұл уақытта басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды. Азаматтардың бірлігі мен Президенттің шешуші әрекетінің арқасында мемлекеттік төңкеріс болмады. Біз үлкен апатты болдырмай, жағдайды тұрақтандыра алдық», – деп жазды Ерлан Қарин.

Сонымен қоса, ол қаңтар оқиғасынан кейін еліміздегі либерализация мен демократияға бағытталған қозғалыс дами түскенін атап өтті.

«Мұндай дағдарыстарды бастап өткерген мемлекеттердің билігі әдетте жағдайды жабық ұстауға, саяси жүйені мығымдауға немесе қатаң тәртіп енгізуге тырысады. Бұл орайда, еліміздегі либерализация мен демократияға бағытталған қозғалыс тоқтап қалмады, керісінше ол үдей түсті.

Президенттің бастамасымен елімізде қарқынды және жан-жақты жаңғырту процесі басталды. Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты қоғамның қолдауына ие болды. Мұны Конституциялық референдум мен кезектен тыс Президент сайлауының нәтижелері дәлелдейді.

Енді біздің алдымызда қоғам бірлігін сақтай отырып, жоспарланған реформалар легін толық жүзеге асыру міндеті тұр», – деп мәлім етті Мемлекеттік кеңесші.Фото: ABDUAZIZ MADYAROV/AFP

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img