spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Балаларға мейіріммен

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа жыл қарсаңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы балалар мекемелеріне барып, құттықтап қайтты. Ең алдымен Көкшетау қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы балалардың жағдайымен танысып, оларға жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады. Психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бұл стационарда бүгінде 50 адамға күтім көрсетіледі. Ал жарылай стационарда 20 адам ем-дом алып жүр.


«Штатта барлығы 143 адам қызмет етеді. Оның ішінде әкімшілік-басқару персоналында-15 адам, әлеуметтік қызмет көрсететін мамандар саны- 34 адам, ал медициналық персонал 18 адамнан құралған, оның ішінде 4-і дәрігер. Бұл жерде балалар емделіп қана қоймай, белсенді спорт және шығармашылықпен айналысады: оқушылар өз қолдарымен түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды, спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады, керемет ән айтып, би де билейді»,- деп атап өтті мекеме директоры Қуандық Сандыбаев.


Келесі кезекте көкшелік 122 бала білім нәрімен сусындап жүрген, қалалық № 4 арнайы мектеп-интернатына бардық. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп қазақ және орыс тілінде білім береді. Бүгінде білім ордасында 94 маман қызмет етеді, оның ішінде педагогтер саны – 63.


«2022-2023 оқу жылында 122 оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде: мектепалды сыныптарда -56 оқушы, 1-ден 4-сыныпқа дейін- 27 оқушы, 5-тен 10-сыныпқа дейін – 39 оқушы»,- деп қосты мектеп директоры Алтын Мұстафина.


Облыста жетімдер үйінің болмауына барынша ат салысып жүрген Құралай Жұмабековнаның ерең ерлігін де назардан тыс қалдыру мүмкін болмады. Көкшетау қаласының «Аналар үйі» ресурстық орталығы бүгінде 6 әйелмен мен 5 балаға көмек көрсетуде. Бір болашақ ана да сол орталықты мекен етіп отыр. Орталық тағдыр қиындығына тап болған қыз-келіншектер мен олардың нәрестелеріне көмек берумен айналысады. 2014 жылдан 2022 жылға дейін 220 әйел мен 240 бала осы орталықтан көмек алды. Аналар үйіндегі әр жанның өз тарихы мен өткені бар. Құралай Ғабдулғамарқызы осы үлкен отбасым ертеңгі күні өз жолын тауып, балалар тәрбиелі де білімді азамат болып шықса мен ең бақытты жан болар едім,- деп өз арманымен бөлісті.


Өңір басшысы сапар барысында көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жай-күйімен де танысып қайтты. 405 орындық ауруханада бүгінде 490-нан астам маман қызмет етеді. Ауруханада түрлі диагноздармен ем-дом алып жатқан бүлдіршіндердің назарына Ермек Боранбайұлы Көкшетау қалалық №2 мектеп лицейінің оқушысы-Олжас Бекішті үлгі етіп көрсетті. Оқушы жуырда бір топ итке таланып жатқан мысықты құтқарып, көптің көзайымына айналған еді. Өзі қорқып тұрса да, жалаң қол бұралқы иттерді қуып, мысықты құтқарып қалған. Ерлігіне тәнті болған облыс басшылығы Олжасқа жаңа жылдық сыйлық табыстады.


Облыс орталығындағы тағы бір көпбалалы, бақытты отбасылырдың бірі – Целинко Светлана Васильевна мен Засеков Сергей Михайловичтің шаңырағы. Бүгінде олар 10 баланы тәрбиелеп отыр. Ошақтағы әр бала өнерлі әрі білімді. Тұңғыштары – Целинко Алексей Анатольевич, 29.12.2003 жылы туған. Бүгінде «Арна» колледжінің «Техник-электрик» мамандығы бойынша 4 курс студенті. Кенжелері – Засекова Вероника Сергеевна 2021 жылдың 27-ші желтоқсанында дүниеге келген. Іс-сапар соңында Зура Шуатаеваның шаңырағына барып, келе жатқан мерекемен құттықтап қайтты.

Жалпы, биылғы жыл «Балалар жылы» болып бекер бекітілмесе керекті. Мемлекет басшысы ел болшағы жастардың қолында болғандықтан, оларға дұрыс білім мен тәрбие беру аса маңызды екендігін үнемі айтып отырады. Осы орайда өскенлең ұрпаққа материалдық құндылық пен қатар рухани азық сыйлауды да ұмыпаған жөн. Тағдырдың қиын кезеңіне тап болған жандарға қолдау көрсету, ұлт болып жұмыла көмек беру баршамызға парыз. Осы орайда өңір басшылығы жақсы үлгі көрсетті деп ойлаймын.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img