Жаңа жыл – мерекесін бәрі жақсы көреді, бәрі күтеді, Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімде әскери қызметшілердің балаларына арнап жаңа жылдық іс-шара өткізілді.
Әдемі безендірілген зал, көркем шырша, ертегі кейіпкерлері, сыйлықтар және Аяз ата мен Ақшақар баларға ғажайып мереке ұйымдастырып, түрлі ойындар өткізді,сондай-ақ, асыға күткен тәттілері мен сыйлықтар табыс етілді.
Біз үшін жаңа жылға ең үлкен сыйлық – ол балалармыздың бақытты көздерін көру деп, балалар үшін келген Аяз ата мен Ақшақарға, ертегі кейіпкерлеріне үлкен алғысын білдірді подполконик Айтчан Аубакиров.
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі