spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Зеренді ауданында электрмен жабдықтау желілері салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының 45 тұрғыны 2023 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл аудан орталығында жаңа көпқабатты үй салу есебінен жүзеге асады, ол үшін бюджеттен 580 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов өңірлік комуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте  мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, жылумен жабдықтау нысандары мен инженерлік желілерін жаңғыртуға көп көңіл бөлініп жатыр. Биыл Зеренді ауылында қуаты сағатына 19,5 Гкал блоктық-модульдік қазандықты орнату жұмыстары аяқталды.  Бұл орталық қазандықтың қуатынан 3 есе артық. Кейіннен жалпы қосымша жылытылатын алаң 134,2 мың шаршы метрді құрайды. Тағы бірнеше тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Әсен Жақсылықовтың айтуынша, аудандық маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға баса назар аударылып отыр. Биылғы жылы жолдарды жөндеуге бір миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Осылайша ауданның бірнеше елді мекендеріндегі кентішілік жолдар мен көше-жол желісін жөндеуге мүмкіндік туған.

 

-Жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының жөнделген учаскесінің ұзындығы 26,3 км құрады. Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтауды жақсарту шеңберінде 2022 жылы Қарлыкөл, Игілік және Қазақстан ауылдарында су құбыры желілерін күрделі жөндеу бойынша 3 жоба іске асырылды. Осы жылы Алексеевка кентінде су құбыры желілерін қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр. Аудан бойынша күрделі жөндеумен қамтылған су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 149 миллион теңгеге 8 шақырымды құрайды, – деді Әсен Жақсылықов

 

Сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады. Қазір бес ауылда: Дороговка, Бірлестік, Қонысбай, Қанай би және Сейфуллин су құбыры желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Аудан дамуының тағы бір маңызды бағыты-азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шағын және орта бизнесті қолдау.

 

-Бүгінгі таңда ауданда 2000-нан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Онда 7000-ға жуық адам жұмыс істейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу үнемі назарда. Биыл Зеренді және Шағалалы ауылдарында әлеуметтік дүкендер, сондай – ақ Айдабол және Ершовка ауылдарында әлеуметтік сөрелер ашылды. Онда халықтың әлеуметтік осал топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұрақтандыру қорынан жергілікті көкөніс, мал шаруашылығы өнімдері мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар ең төменгі бағамен сатылады, – деп атап өтті Зеренді ауданының әкімі.

 

Зеренділіктер үшін өзекті мәселе электрмен қамтамасыз ету болып қала бермек. 2022 жылдың басынан бері ауданда 334 авариялық электр қуатының үзілуі тіркелді. Желідегі апаттардың салдарын жоюға жұмсалған барлық қаражат, шамамен 100 миллион теңге. Желі иесінен сот тәртібімен қаражат алынды және салық төлеушілердің ақшасы мемлекеттік бюджетке қайтарылады. Мәселені шешу үшін жергілікті билік ұзындығы 16 шақырым болатын Зеренді ауылында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын бастауға ниетті және жалпы аудан аумағы бойынша баламалы электр желілерін салу мәселесі пысықталып жатыр.

 

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img