spot_img
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
5.2 C
Kokshetau

Степногорск қаласының әлеуметтік нысандарына баспасөз туры өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың 30 қарашасында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық Аналар кеңесі және «Асыл аналар» көпбалалы аналар ҚБ өкілдерімен Степногорск қаласының әлеуметтік нысандарына баспасөз -туры өтті.

Іс-шара барысында делегация «Болашақ» ақыл-ойы кем адамдармен жұмыс істеу орталығына, «Қамқорлық» жас балаларға арналған оңалту орталығына, «Бақытты отбасы- Stepnogorsk» отбасы орталығына, «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығына, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына барды. Бұл орталықтар тұрғын үйге тіркеу жасауға, балаларды балабақшалар мен мектептерге орналастыруға, консультациялар беруге, бос уақытты ұйымдастыру және өткізуге, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Денсаулық сақтау саласының мекемелерімен ынтымақтасып, тегін медициналық процедураларды жүргізеді. Барлық орталықтар толық жабдықталған, білікті мамандары бар.

Сондай-ақ, Балалар жылы аясында «Бала әлемі» сөйлеуді дамыту және түзету орталығының» ашылуы өтті және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында фейл- конференция ұйымдастырылды, онда Ақмола облысының Аналар кеңесінің төрайымы А.С.Жазиева құттықтау сөз сөйлеп, ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шара соңында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының жанындағы«Қоғамдық келісім» КММ атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика