spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Біржан сал ауданының тұрғындары сайлауда белсенділік танытты

Сондай-ақ...оқыңыз

20 қараша, жексенбі күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Елде 12 миллионға жуық дауыс беруші бар. Орталық сайлау комиссия­сы төра­ғасының орынбасары Конс­тантин Петров  сайлау учас­ке­леріндегі сайлау­шы­лар тізім­деріне 11 919 241 азамат ен­генін хабарлады. Олардың ішін­де 7 539 280 адам немесе сайлау­шылардың 63,25 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған. Дауыс беруге 7 389 153 адам қатыс­­қаны белгілі болды, оның ішінде есеп­тен шығару куәліктері бойынша 13 677 сайлаушы дауыс берді.

Сайлаушылардың 81,31%-ы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ддауыс берді. Сайлауға Ақмола облысы, Біржан сал ауданының тұрғындары да үлкен белсенділікпен қатысты.

«Күні кеше ғана еліміз бойынша үлкен науқан өтті.  Ол мемлекетіміз бен халқымыздың болашағын айқындайтын тағдыршешті оқиға – Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауы.  Осыған орай, «Кемедегінің жаны бір»,- дегендей, бұл сайлауға Ел ертеңіне бей-жай қарамайтын, жұмылған  бір жұдырықтай  Біржан сал ауданының тұрғындары да қатысып, өздерінің азаматтық белседіліктерін танытып,                   жаңа Қазақстанды құру жолындағы  өз үлесімізді қосамыз деген ниетпен, сайлау учасклеріне келіп,  өз даустарын берді.  (Жалпы: Қ.Әбден үшін – 135, Н.Әуесбаев  – 147, Ж. Дайрабаев – 245,  М. Қажыкен – 95, Қ. Тоқаев – 6 739,С. Тұрсынбекова – 137, барлығы үшін қарсы – 749, жарамсыз болып қалған бюллетендер саны 165)»,-деп мәлімдеді Біржан сал ауданының әкімі Есжанов Достанбек.

Сайлаудың қорытындысы бойынша тоғыз мың төрт жүз он алты сайлаушылардан конституциялық құқықтарын жүзеге асырған сегіз мың төрт жүз он екі адам немесе  сексен тоғыз бүтін төрт пайызды құрады. Бір халық болып  бұл саяси науқанды сәтті өткіздік деп қорытындылады аудан әкімі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img