Биыл Ақмола облысында 17 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Әуел баста 9 миллионға жуық түп егу жоспарланған, десе де, аймақтың орман шаруашылығы екі есе көп ағаш отырғызуды жөн көрген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров атап өткендей, облыста көгалдандыруға қатысты елеулі жұмыстар атқарылды. Сондықтан ағаштарды сапалы және уақтылы отырғызу үшін қажетті инфрақұрылым, материалдар мен тұқымдар толық қамтамасыз етіледі.
«2021 және 2022 жылдары жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуын ескере отырып, 2023 жылы 1950 гектор алаңда 11,5 млн.дана ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2022 жылы орман шаруашылығы мекемелері 12 тонна қатты ағаш тұқымын, 76 тонна қарағай конусын жинауды және дайындауды жүзеге асырды. Көктемде 10 гектардан астам жерге 2 тоннадан астам тұқым себілді, оның ішінде 11 миллион көшет өсірілді, оның 6 миллион данасы күзде отырғызылды. Күзде 37 гектар алқапқа 11 тоннадан астам тұқым себілді, ағаш отырғызу материалының тапшылығына байланысты жалпы сомасы 60 миллион теңгеге 1 785 мың қарағай көшеті сатып алынды», – деді Руслан Әубәкіров.
Орман шаруашылығын дамыту үшін Зеренді және Атбасар аудандарында 2 жаңа тұрақты орман тәлімбағын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. «Бұқпа» орман шаруашылығында тәлімбақ салу үшін 2023 жылы бюджет қаражатын бөлу үшін өтінім жолданды.
Өзендер мен су айдындарын тазалауға және абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, облыс орталығындағы Қылшақты өзенінің ластануы бірнеше ылдардан бері келе жатқан өзекті мәселе. Руслан Әубәкіровтің айтуынша, 2023 жылы Ғабдулин көшесінен Сүлейменов көшесіне дейінгі төртінші учаскеде тазарту жұмыстары жүргізіледі, аталған учаскенің жалпы ұзындығы 1 километрді құрайды. Ол үшін 695 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінді. Қопа көлі мен Щучье-Бурабай курорттық аймағының су айдындарын тазарту жоспарланған.
«Щучье және Бурабай көлдерін тазартудың нақты көлемі туралы қорытындымен ғылыми-техникалық зерттеу жүргізілді, ол жобаны іске асыру бойынша одан әрі шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберілді. Қазіргі уақытта көлді тазартудың техникалық-экономикалық негіздемесін түзету аяқталды. Қопа-Көкшетау қаласындағы тұнба шөгінділеріне толып көл. Барлық келісімдер аяқталғаннан және экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылады», – деп түсіндірді Руслан Әубәкіров.
Тағы бір өзекті мәселе – тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу. Көкшетауда жаңа қоқыс полигонын салу мәселесі бірінші жыл түйіткілді мәселе болып отырған жоқ. Руслан Әубәкіров атап өткендей, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қазір жаңа экологиялық кодекстің барлық талаптарына жауап беретін ҚТҚ полигонын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Оны Зеренді ауданының Құсеп ауылдық округіне орналастыру жоспарлануда. Бурабай ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салудың техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта Щучинск қаласында жаңа қоқыс полигонын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Камила Әбделманова