Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері ел президентінің кезектен тыс сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда. №44 сайлау участкесіне дауыс беруге келген Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Сайран Мерекеқызы бұл тарихи маңызды күні әр қазақстандық дауыс беруі қажет деп есептейді.
«Мен өзімнің, елімнің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Даусымды үміткерлердің қайсысына жасау үшін көп толғанған жоқпын, бірден өзім сенетін үміткерге дауысымды бердім. Дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін. Мен сайлауға аса жауапкершілікпен қараймын. Өткізіп алмауға тырысамын»,- дейді Қасымжанова Сайран.
Сондай-ақ, Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл, облыстың көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жаров және қоғамдық келісім ұжымы да сайлауға қатысып, азаматтық борышын орындады.