spot_img
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
-27.9 C
Kokshetau

Президент сайлауы: Шетелдік байқаушылар 20-ға жуық брифинг өткізеді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – 20-21 қараша күндері шетелдік байқаушылар еліміздегі президент сайлауына орай 20-ға жуық брифинг өткізеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«17-21 қараша аралығында Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды. Бұл орталықтар бүкіл қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді және Қазақстанға сайлауды байқауға келген байқаушылар брифингтер мен баспасөз конференциясы форматында өз пікірін бөлісе алатын алаң ретінде құрылды», – деді Роман Василенко Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, бүгіннен бастап байқаушылар аталған орталықтарда баспасөз мәслихатын өткізіп, еліміздегі сайлауға қатысты пікірін бөлісе алады.
20-21 қараша күндері аталған орталық алаңдарында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекет байқаушыларының қатысуымен 20-ға жуық брифинг өтеді деп жоспарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында халықтың ауыз сумен қамтылуы 100 пайызға жетті

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңір халқының су құбыры қызметтеріне қолжетімділігі 100 пайызды құрады. 36...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика