spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Көкшетау қаласындағы NIS зияткерлері ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары желілікғылымижобаларбайқауында 5 жүлделіорынғаиеболды: 1 екіншіорынжәне 4 үшіншіорын.Оқушылар келесі секциялар бойынша жобаларды ұсынды:информатика, физика, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, өлкетану.

11-сынып оқушысы Асылхан Қали «Aq Zhol» —жүргізушінің күйімен мінез-құлқынбақылау жүйесі бар екі камералы бейнетіркеу құралын ұсынып, II орынға иеленді.

«Ұзақ жолды еңсеру, сонымен қатар ұйқышылдық пен шаршаумен күресу қажет болған жағдайлар әрбір жүргізушіде болды деп ойлаймын. Бұлең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан ЖКО-ның алдын алу, сондай-ақ жүргізушінің күйі мен мінез-құлқын талдау жүйесі бар бейнетіркеу құралын жасадық. Біздің команда бұл жоба аясында ұзақ уақыт бойы жұмыс жасады. Мен бұл идеяға шын жүректен сенемін,өйткені адамдардың өмірін құтқару сияқты мақсат мені ынталандырады және шабыттандырады», — дейді жоба авторы, Асылхан Қали.

Ал10-сынып оқушылары Бану Садвокасова мен Аружан Құстүтін «Қайсартұлға, қажырлықайраткер—ЕркінӘуелбеков» атты жобасын таныстырды.

«Біздің жобамыздың басты мақсаты Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың еліміздің дамуына қосқан ерең еңбегін ұлағаттау. Қайраткердің атқарған істері арқылы оның тарихи маңызына толық баға беру. Бұл жобамыз арқылы жастарда ағамыздың ақ адал өмір принциптері мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырамыз деген ойдамыз», —дейді жоба авторлары. Бұл жоба III орынға ие болды.

12-сынып оқушысы Аида Тұрсынның«Менің өлкемдегі қазақ халқының географиялық атаулары» жобасы және 11-сынып оқушысы Асанәлі Кәрімнің«Радиолокациялық технологияны қолданукөмегімен ЖКО алдын алу жүйесі», сондай-ақ 9-сынып оқушысы Алуа Қыдырбайдың«Жүгеріні жаңартылатын энергия көзі ретінде қолдану» жобалары даIII орынға иеленді.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img