spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Жоғары білім саласы еңбек нарығында ақсап тұр – Саясат Нұрбек

Сондай-ақ...оқыңыз

12 мың студент Ақмола облысының жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі проблемалар мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы сөз қозғалды.
Жұртшылықпен кездесу барысында Саясат Нұрбек алғашқы минуттардан-ақ аудитория назарын жаулай алды. Министр ресми баяндамалар мен әдеттегі сұрақ-жауаптардың орнына ашық әрі еркін қарым-қатынас форматын таңдады. Өз сөзінде ол бүгінгі таңда жоғары білім мен ғылым саласындағы бірқатар өзекті проблемалар мен негізгі міндеттер туралы сөз қозғады. Ол өңірлік жоғары оқу орындарының кадрлар даярлаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Елімізде 120 жоғары оқу орны, 482 ғылыми-зерттеу орталығы, 623 мыңнан астам студент бар. Бірақ демографиялық жарылыс күтілуде, тиісінше сандар да көбейеді. Соңғы екі жылда біз екі абсолютті рекордқа қол жеткіздік: 2020 жылы 456 мың бала, өткен жылы 426 мың бала дүниеге келді. Биылғы жылы ең үлкен рекорд – 500 мыңнан астам бала дүниеге келеді деп жоспарлануда. Бұл білім беру жүйесіне, әсіресе жоғары білім беру жүйесіне қатты әсер етеді. 2026-2027 жылдарға дейін 1000 мектептің құрылысын бастаймыз. Бұл оңай шаруа емес. Жауапкершілік қазірдің өзінде байқалып жатыр. Біз осы 1000 мектепке 120 мыңға жуық педагог дайындауымыз керек. Сондықтан оқытушыларды дайындайтын 50 жоғарғы оқу орнына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оның ішінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де бар», – деді Саясат Нұрбек.

Жоғарғы оқу орындары заман талабына сай еніп жатқан жаңа мамандықтарға бейімделуге үлгермей жатыр. Көптеген түлектердің мамандықтары сұранысқа ие емес немесе олардың біліктілігі сәйкес келмейді, я болмаса ескірген, қоғамдағы қажеттілігі аз. Саясат Нұрбектің айтуынша, еңбек нарығында күн санап жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Бұл тұста білім беру жүйесі бүгінгі қүннің қажеттіліктерін ескере бермейді.

«Министрлік ретінде бұл жағдайды терең талдай бастадық. Біз түзетуге тырысамыз, университеттерге осы сұраныстар бойынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Қазір «жаңа мамандықтар атласы» жобасы іске қосылды. 2019 жылдан бастап ауқымды жұмыстар жасалды, елдің көптеген кәсіпорындарымен жұмыс жүргізілді, 2 мыңға жуық сарапшыдан алдын-ала қандай мамандықтар пайда болатынын, қайсысы жоғалып кететінін түсіну үшін сұхбат алдық. Қазір жоба кейбір өңірлерде іске қосылды, жақын арада оны Ақмола облысында да енгізетін боламыз», – деп сендірді ғылым және жоғары білім министрі.

Сондай-ақ, Саясат Нұрбек әлеуметтік жобаларға және университеттер орналасқан өңірмен серіктестігіне жеке тоқталды. Олар әлеуметтік-экономикалық салаларға ықпал етуі керек. Сондықтан қазір «кәсіби біліктілік турал» заң жобасы әзірленуде. Тағы бір маңызды мәселе – білім беру кеңістігін ашу. Яғни, Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу. Министр атап өткендей, бұл елге академиялық ұтқырлық хабына айналуға мүмкіндік береді және жақын арада Қазақстанда көптеген шетелдік университеттер өздерінің өкілдіктері мен филиалдарын ашуды жоспарлап отыр.
Ақмолалықтардың ғылым және жоғары білім министріне берген сұрақтары да өзекті болды. Смағұл Сәдуақасов атындағы агротехникалық институтының директоры Сая Жапарова өңірлік жоғарғы оқу орындарын қолдау бағдарламасы туралы сұрады, оның шеңберінде ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын нығайтып және академиялық әлеуетті арттыру үшін 4 миллиард теңге сомасына қаржы алуы тиіс.

«2021 жылы осы бағдарлама бойынша 15 өңірлік университет және тағы 5 педагогикалық университет, оның ішінде сіздердің де білім мекемелеріңіз таңдалды. Оларға үлкен үміт артып отырмыз. Бірақ бір өкініштісі, қаржыландыруды қолдамады. Қаржыландыру мәселесі қазір маңызды, сондықтан біз бұл жобаны 2024 жылы іске қосу үшін Үкіметпен бөлек талқылаймыз. Ол үшін келесі жылы осының бәрін негіздеу үшін көп жұмыс істелуі керек», – деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Кездесу барысында тағы бір қатар түйіткілді мәселелер талқыланды. Олар: жатақханалардың құрылысы, жергілікті бюджет есебінен нақты өңірдің проблемаларын шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелері, жоғары оқу орындарында оқуға жеңілдікті кредиттер, мемлекеттік білім беру тапсырысы мен еңбек нарығының арақатынасы, кадрлардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын ұлғайту мәселелері жеке қозғалды. Министр барлық сұрақтарға жеке тоқталып, халық көкейіндегі сұрақтарға тұшымды жауап бере алды.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Саясат Нұрбек Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қызметімен танысып, студенттік жатақхана құрылысы капсуласын салу рәсіміне қатысты.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img