spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысы мен Астанадағы мектептер құрылысының барысымен және «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептерді жобалаумен танысты. Сондай-ақ, министр Үркер елдімекеніндегі №69 мектепке барды. Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған мектептердегі оқушы санын реттеу мақсатында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылыс жұмысымен және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023 жылы мектеп құрылысы басталатын орындармен танысып шықты, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңды түрде мектеп салу және оған бюджеттен қаржы бөлу әкімдіктердің құзырында. Оларды жобалау, құрылыс мекемелерін таңдау жұмыстарымен де жергілікті құрылыс басқармалары айналысады. Алайда бұл мәселені бақылауда ұстау маңызды.

МИнистр Қосшы қаласы, Талапкер ауылы және Үркер шағын ауданындағы үшауысымды және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептерді аралады. Қосшыда биылғы қыркүйек айында 1 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Қазір мұнда тағы екі жаңа мектеп салынып жатыр. Олар 2023 жылдың жазына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Министр құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Президенттің тапсырмасымен әзірленген «Жайлы мектеп» жобасы аясында келесі жылы 11 000 орындық тағы 3 мектептің құрылысы басталады (екі ауысым). Бұл оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге 2023 жылы Талапкер ауылында «Жайлы мектеп» аясында екі мектеп 4800 орынға, Қажымұқан ауылында бір мектеп 1800 орынға салу жоспарда бар (екі ауысым). Бұл оқушы орнының тапшылығы мәселесін толығымен шешеді», – деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов. 

Үркердегі №69 мектеп-гимназиясында да болдым. Оқу кабинеттерін, психологиялық-педагогикалық түзету, робототехника кабинеттерін аралап шықтым. Мұғалімдермен әңгімелестім. Бұл мектепте 28 бала инклюзивті білім алады. Мектеп үшауысымды. Оған жақын жерден 2023 жылы «Жайлы мектеп» аясында 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img