spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолалық тәртіп сақшылары қылмысты іздестіру барысында кен өңдеу цехын тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының тәртіп сақшылары ұрлық фактісін тергеу барысында Степногорск қаласының тұрғынынан кен өңдеу цехын тапты, – деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 тамыз күні Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын шағым түсірген.

Оның айтуынша, белгісіз біреулер 24 тамызға қараған түні әйелдің үйіне ұрланып кіріп, құны 793 400 теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты және ол уақтша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер – екі алтын алқа тәркіленді. Күдікті қалған алтын бұйымдарды ерітіп, аффинаж жасап, Степногорск қаласының тұрғынына тапсырғанын айтты.

27 қазан күні Степногорск қаласы Полиция басқармасы мен Ақмола облысының тәртіп сақшылары бірлесіп, қалада 49 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігі тоқтатқан.

Күдіктіні тінту барысында ер адамнан 1 193 500 теңге және сары түсті ұнтақ заты бар екі пластикалық шөлмек тәркіленді. Санкцияланған тінту барысында Ақсу кентіндегі шаруашылық құрылысынан екі ұсатқыш станок (шынжырлы және жұдырықшалы), бір жуғыш, құрамында алтын бар металл ванна, бір шойын ванна, құрамында алтыны бар материал салынған 31 қап және электрондық таразы табылып, тәркіленді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол осы жылдың көктемінде кварц кенін өңдеу цехын ұйымдастырған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша «Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Фото: polisia.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img