spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
-3.9 C
Kokshetau

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

22 қазанда Павлодар облысына барып, кәсіподақ өкілдерімен, жастар және еңбек азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Жиында өңір бойынша жұмысқа тұру, тұрғын-үй, еңбек ақы мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажет екенін айтты.

«Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағы мамандарға қарағанда аз жалақы алады. Ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудің уақыты келді.  Нақты реформа арқылы  бірыңғай стандартқа енгізу қажет», – деді кандидат.

М.Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуға және оны өмірдің барлық саласында жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен ресурстар болатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атап өтті.

«Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы басты міндеттердің бірі -әлеуметтік қорғаудың тең деңгейін қоямын. Кедейлік табалдырығында тұрған отбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді – оларға кәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы қажет», – деді М.Қажыкен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құтқарушылар ұсынымдары: халықтың автожолдардағы қар құрсауы кезіндегі іс-қимылдары

Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шықпастан бұрын алдағы қозғалыс бағдары бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика