spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
12.2 C
Kokshetau

Семейде Жигули Дайрабаевтың өңірлік штабы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Семейде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың өңірлік штабы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды «AqmolaNews».

«Бір айға жуық уақытқа созылатын үгіт-насихат науқаны басталды. Бұл өте маңызды оқиға. Біз үшін жемісті жұмыс», – деді «Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы С. Байғалиев.

«Өңірлік штаб құрамында 13 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық ауданда 5 белсендіден 8 штаб ұйымдастырылды. Өңірдің қоғамдық штабында барлығы 53 адам жұмыс істейді. Алдыңғы сайлаумен салыстырғанда дайындық қарқыны екі есе өсті. Біздің қоғамдық штабтар үгіт-насихат жұмыстарына қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Олардың әрқайсысының өз кеңсесі, көлігі, кеңсе техникасы, партия атрибутикасы және үгіт барысында пайдаланылатын материалдары бар», – деп бөлісті «Ауыл» партиясы Жастар қанатының төрағасы А. К. Қайратова.

Жигули Дайрабаевтың 222 штабы 164 ауылдық ауданда және 37 облыстық деңгейдегі қалада жұмыс істейді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай облыс орталығында экологиялық акция өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айының 18 жұлдызында, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Көкшетау қаласында қазақтың ұлы ғалымы, XIX...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика