spot_img
Дүйсенбі, Қараша 25, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Өңірде 2025 жылға дейін 13 жаңа мәдени нысан пайда болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 2025 жылға дейін 13 жаңа мәдениет нысаны салынады деп жоспарланып отыр. 2022 жылы өңірде 14 мәдениет нысаны қалпына келтірілді. Сондай-ақ, биыл Қосшы қаласында жаңа мәдениет үйінің ашылуы маңызды оқиғалардың бірі болды. Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерін жаңартуға бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөлінді. Республика күні қарсаңында өңірдің мәдениет басқармасының басшысы ведомствоның жетістіктері мен жоспарлары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша, ақмолалықтарға бос уақытты мәдени демалысқа арнау үшін барлық жағдай жасалған. Тәуелсіздіктің 30 жылында өңірде 120-дан астам кітапхана және 100-ден астам ауылдық клубтар ашылды. Соңғы үш жылда 136-ға жуық мәдениет нысаны жаңғыртылып, ол үшін 4 миллиард теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

«2021 жылы «ауыл-ел бесігі «жобасы және » AMANAT » партиясының жол картасы аясында жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге 23 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл тұста, Жақсы аудандық мәдениет үйі мен Сандықтау ауданының Максимовка ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті», – деді Айгүл Сәбитова.

Биыл облыс мәдениет нысандарын жаңарту үшін айтарлықтай қаражат бөлді. «Ұлттық рухани жаңғыру» және «Ауыл-ел бесігі» ұлттық жобаларын іске асыру есебінен 14 ауыл клубын жөндеуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың арқасында тағы 12 мәдениет нысаны қайта жаңартылды.

« «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін 13 мәдениет нысанын құрылысы және 60 ұйымда жөндеу жұмыстары жоспарланған. Аршалы кентінде аудандық мәдениет үйінің құрылысы мен Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында демалыс орталығының құрылысын, Сандықтау ауданы Балкашино ауылында жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды облыстық мәдениет басқармасының басшысы.

Айгүл Сәбитова атап өткендей, бүгінде мәдениет ошақтарының инфрақұрылымын дамыту мен жақсартуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Өңір ауылдарындағы мәдениет нысандарын жаңарту мен жаңғыртуға да үлкен көңіл бөлінеді.

 

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img