spot_img
Дүйсенбі, Қараша 25, 2024
-8.6 C
Kokshetau

16 мың ақмолалық жұмыспен қамтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмыспен 10 мыңға жуық ақмолалықты қамтамасыз ету мүмкін болды. Халықтың табысын арттыру мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпарат агенттігі.

«Бүгінде халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өңірде барлық жағдайлар жасалып жатыр. Осы мақсатта жергілікті мемлекеттік органдардың барлық мүмкіндіктері жұмылдырылып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Жыл соңына дейін 10 жобаның аясында барлығы 17 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның 10 мыңы – тұрақты. 16 мыңнан астам жұмыс орнының 4 мыңнан астамы Ұлттық жобалар аясында құрылған. Сондай-ақ, біз облыстың 3,5 мыңнан астам тұрғынын белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз еттік. 8 378 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды. Жыл соңына дейін 18 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр», – деп Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан түсіндірді

Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жұмыссыздық мәселесін шешуде жақсы шешім болды. Мәселен «Еңбек» бағдарламасы бойынша 83 ақмолалық жұмыспен қамтылып қана қоймай, өздерінің жеке кәсіптерін ашқан. Өзге де жобалар өңірдің мыңдаған тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

«Сапалы білім» және «Білімді ұлт» жобалары бойынша 176 жұмыс орны ашылды. «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында өңірдің 358 тұрғыны жұмыспен қамтылды. «Жасыл Қазақстан» жобасы арқылы 1096 жұмыс орны құрылса, «Агроөнеркәсіптік кешен» жобасы бойынша 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында біз 63 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «индустриялық-инновациялық даму» бағыты бойынша облыстың 256 тұрғыны жұмысқа орналасты», – деп облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында нақты статистиканы келтірілді.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқыту өңір тұрғындарын жұмысқа орналастырудың жеке бағытына айналды. Осылайша 500-ден астам ақмолалық осы жылы қысқамерзімді курстардан өтуі тиіс.
«Жұмыспен қамту орталықтарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігі бар. Мысалы, белгілі бір адам 6 ай бойы оқу оқып, осы уақытта стипендия (вряд ли тут будет шәкіртақы) ала алады. Оған қоса 2 АЕК сомасына медициналық тексерістен өтеді, 4 АЕК мөлшерінде жол жүру мен тұру ақысы да төленеді. Кейін ол 100 % жұмыспен қамтылады», – деп түсіндірді мамандар.
Одан бөлек облыстың 3 мың 275 тұрғына субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде жастар практикасы бойынша ЖОО мен колледждердің 537 түлегі жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмыстарда 2 мыңнан астам ақмолалық қызмет етеді. Қалған бөлігі алғашқы жұмыс орны, күміс жас, ұрпақтар келісімшарты сияқты басқа жобалар бойынша жұмыспен қамтамасыз етілді.

 

Камила Әбделманова

Фото: gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img