spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
18 C
Kokshetau

Аманат» кәсіподақтар достастығынан кандидат талаптарға сай – ҚР ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынғанын Мейрам Қажыкеннің президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат ХАА сілтеме жасап.

Әуелі ОСК мүшесі Шахат Өтемісов аталған кадидаттың лингвистика комиссиясының 2022 жылғы 8 қазандағы шешімі бойынша, мемлекеттік тілді еркін меңгергені анықталғанын атап өтті.

«ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Мейрам Зекшұлы Қажыкеннің Конституцияда және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», – деді ОСК төрағасы Н.Әбдіров.

Бұған дейін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешкен болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика